Baıshev Ýnıversıtet

Жаңалықтар

3 сәуір күні сағат 15:00 де, тікелей эфир

Құрметті студенттер, магистранттар, ата-аналар, оқытушылар! Баишев Университеті Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда. Осы орайда, Сіздермен ертең 3 сәуір күні сағат 15:00 де, оқу процесіне қатысты нақты ақпаратпен Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор м.а. Актайлакова Гульмира Нурлановна тікелей эфирге шығады.


Сабақ кестесінің уақыттарына ректор бұйрығымен өзгеріс енгізілді.

2020 жылдың 6 сәуірінен бастап Баишев Университетінде Қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып оқудағы Сабақ кестесінің уақыттарына ректор бұйрығымен өзгеріс енгізілді.


#uide bol

Жоғары білім беру мектебі, "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының 4 курс студенті Мүрсәлім Дастанбек


Педагог этикасы туралы вебинар

2020 жылғы 31 наурызда Баишев Университетінде Zoom бейнеконференция режимінде "Жоғары мектеп оқытушысының online дәріс оқудағы педагогикалық этикасы" тақырыбында вебинар өткізілді. Вебинарды Білім берудің жоғары мектебінің деканы, профессор Дүйсенбаев Абай Қабақбайұлы өткізді.


5В050900 – Қаржы мамандығы бітірушілерімен онлайн кездесу

02.04.2020 жылы сағат 15:00 Бизнес және құқық жоғары мектебінің 5В050900 – Қаржы мамандығы бітірушілерімен «Zoom» жүйесі арқылы онлайн кездесу өтті. Кездесуге жоғары мектеп деканы, э.ғ.к. Балгинова К.М., «Есеп және қаржы» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., доцент Бухарбаев Ш.М., 4 курс кураторы, аға оқытушы А.У.Қонақбаева қатысты.


Инженерия жоғары мектебі. Дизайн мамандығының студенттері сабақты онлайн түрде үйде оқуда

Инженерия жоғары мектебі. Дизайн мамандығының студенттері сабақты онлайн түрде үйде оқуда


Хабарландыру

Баишев Университеті білім алушыларына орын алған жағдай туралы толық ақпарат берілді. Атап айтсақ:


Құрметті Білім алушылар мен Оқытушылар!

Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда туындаған сұрақтар бойынша Баишев Университетінің helpdesk@ausb.kz электрондық поштасына жолдауларыңыз сұралады.


Қашықтықтан және онлайн түрде оқыту барысында Zoom бағдарламасын қолданудың нұсқауы

Қашықтықтан және онлайн түрде оқыту барысында Zoom бағдарламасын қолданудың нұсқауы


Call-центр Baishev University

Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда туындаған сұрақтар бойынша Baishev University +7(707)207-20-07 Call-центрына хабарласуларыңыз сұралады.


Білім алушыларға (күндізгі бөлім) арналған қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша САБАҚ КЕСТЕСІ.

Білім алушыларға (күндізгі бөлім) арналған қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша САБАҚ КЕСТЕСІ.


Ақпараттық жүйе Platonus бағдарламасы арқылы қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану бойынша студенттерге, магистранттарға нұсқаулық

Ақпараттық жүйе Platonus бағдарламасы арқылы қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану бойынша студенттерге, магистранттарға нұсқаулық


«5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері педагогикалық практикадан өтті.

2020 жылдың 20 қаңтары мен 06 наурыз аралығында Баишев университеті Білім берудің жоғары мектебі «5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері педагогикалық практикадан өтті. Қорытынды конференция 2020 жылдың 10 наурызында өткізіліп, студенттердің іс-тәжірибеден өту есебі тыңдалды. Конференцияға Жұмыспен қамту және тәжірибе бөлімінің басшысы Р.К.Танатова, Білім берудің жоғары мектебінің деканы А.К.Дүйсенбаев және кафедра профессор-оқытушылар құрамы қатысты.


Онлайн білім алу ресурстары

Достар! Каникул уақытында және карантин жағдайында Сізге төменде келтірілген білім беру ресурстары қажет болады ⤵


Студенттерге арналған жазғы тағылымдама!

«Самұрық-Қазына» Қорынан тағылымдамадан өту бағдарламасы - «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «Қазақтелеком», «Самұрық-Энерго» және басқа да компанияларында тәжірибе жинаудың тамаша мүмкіндігі бар!


Туризм арулары - 2020

7 наурыз күні Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Баишев университетінде Туризм мамандығы студенттері мен Қалалық жас туристер стансасының бірлесуімен «Туризм арулары - 2020» спорттық туризм техникасы бойынша қалалық жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты: Спорттық – туристік шеберлікті арттыру.


8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік құттықтау

Білім берудің жоғары мектебі "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы студенттері аналар мен аруларды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтайды.


ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ПРОБЛЕМАСЫН РЕСПУБЛИКА ҒАЛЫМДАРЫ МЕН МЕКТЕП ҰСТАЗДАРЫ КОНФРЕНЦИЯДА ТАЛҚЫЛАДЫ

2020 жылдың 28 ақпан күні Баишев Университетінде «Жаңартылған білім беру: ЖОО мен орта мектеп тәжірибесі» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы болды. Аталған шараның негізгі мақсаты – «Ұстаз-ата-ана-қоғам» бірлескен ынтымағы негізінде жаңартылған білім берудің ЖОО мен орта мектеп тәжірибесінің өзекті мәселелерін талқылау.


«Жаңартылған білім беру: ЖОО мен орта мектеп тәжірибесі» конференциясында Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы ашық сабақтың өту барысы.

«Жаңартылған білім беру: ЖОО мен орта мектеп тәжірибесі» конференциясында Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы ашық сабақтың өту барысы.


"Жаңа гуманитарлық бағыт. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық"

26 ақпан күні кітапхананың ұйымдастыруымен "Жаңа гуманитарлық бағыт. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" бағдарламасы аясында келіп түскен соңғы 7 оқулыққа библиографиялық шолу өткізілді. Баишев Университетінің кітапханашысы Базаркулова Айгүл студенттерді әр кітаптың мазмұны мен, бөлімдерімен толықтай таныстырып өтті. Библиографиялық шолуда кітап көрмесінен орын алған 7 оқулық тізімі:


«Қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағына ізденуші М.К.Амангазиеваның құжаттарын орналастыру туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесінің» 7 тармағына сай Баишев Университеті Ғылыми кеңесі 10.02.00 – Тіл білімі мамандығы бойынша «Қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағына ізденуші қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Амангазиева Мерует Кусаиновнаның құжаттарын орналастырады.


«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе...»

ҚР президенті Қ.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын насихаттау барысында ақын–ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайевтың 175 жылдық мерейтойы аясында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе...» атты әдеби кешті «Рухани жаңғыру» орталығы мен «Педагогика және психология» кафедрасы ұжымы бірлесе өткізді.


Мемлекеттік қызмет –абыройлы міндет

Ақтөбе қаласының әкімдігінде 2020 жылдың 21 ақпан күні сағат 15-00 қала әкімінің аппарат басшысы Н.О.Тұрғамбековпен Университетіміздің Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының 2 – 3 курс студенттерімен «Мемлекеттік қызметші – мемлекеттік органда немесе жергілікті атқарушы органда жұмыс жасағанда қандай әдістерді қолдану керек» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.


2020 жыл – Волонтер жылының ашылу салтанаты

2019 жылы Баишев Университет ОВЕН компаниясымен – жетекші ресейлік әзірлеушілер мен бақылау-өлшеу құралдарын және автоматтандыру құралдарын өндірушілердің бірі және өнеркәсіптің түрлі салалары үшін университет базасында өңірлік оқу орталығын ашу туралы шарт жасасты.


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Баишев Университеті алқалық органдарының отырыстарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы


«Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі орталық» ұжымы алғыс хатқа ие болды.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында жастармен жүргізілетін жұмыстарды оңтайлы ұйымдастырып, жастар бастамалары мен жобаларын қолдап, олардың рухани, мәдени әрі шығармашылық өзін-өзі жетілдіруіне қосқан үлестері үшін «Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі орталық» ұжымы Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мейрамбек Жанболатұлынан алғыс хатқа ие болды.


Баишев Университеті ректорының кубогына арналған "Aisberg CUP II" республикалық пікірсайыс турнирі

15-16 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай және 21 ғасырдағы Қазақстан" мақаласын насихаттау бағытында және 2020 жыл "Еріктілер жылы" болып жариялануына орай өткен Баишев университеті ректорының кубогына арналған "Aisberg CUP II" республикалық пікірсайыс турниріне Нұрсұлтан, Алматы, Қызылорда, Атырау, Түркістан, Орал, Ақтөбе облыстарының пікірсайысшылары қатысты. 64 пікірсайысшы, 32 фракция турнирге 7 аймақтан қатысты. Іріктеуден 16 топ өтті.


«Мұнай-газ ісі» мамандығының 2 курс студенті Мәлік Данилды құттықтаймыз

16-20 ақпан күндері Нұр-Сұлтан қаласында өткен Ауған соғысының ардагері, «Қара майор» Б.Т.Керімбаевты еске алуға арналған және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Басқарма төрағасының жүлдесі үшін бокстан студенттер арасындағы ІІІ-Республикалық турнирінде 91 кг салмақ дәрежесінде ІІ орынға ие болған «Мұнай-газ ісі» мамандығының 2 курс студенті Мәлік Данилды құттықтаймыз.


Ғалым Жұманазар Асан 70-те!

Қазақ әдебиетінде өлкетанудың өзіндік өрнегін сап келе жатқан, Мөңке би, Сарышолақ ақын, Едіге батыр сынды ел ардақтыларын ғылыми айналымға енгізуде үлкен үлес қосып жүрген ғалым, филология ғылымдарының докторы Жұманазар Асанды 70 мерейлі жасымен "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасы ұжымы, мамандық студенттері құттықтады. Жұманазар Асанұлы, тырнақтап жиған мұраңыз ел мұратына жұмсалсын! Денсаулығыңыз мықты, ғұмырыңыз ұзақ, еңбегіңіз жемісті болсын!


Туризм фестивалі-2020

В первую неделю февраля месяца текущего года была проведена неделя «Фестиваль туризма-2020», организованная городским туристическим центром юных туристов.


«Біз біргеміз: Қар тазалау» республикалық челленджі

2020 жылдың 31 қаңтар күні, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың қолдауымен бастау алған «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасы аясында #Бізбіргеміз:ҚАР_ТАЗАЛАУ республикалық челенджін Баишев Университетінің студенттері қолдады. Студенттер аталмыш шараға белсене қатысып, университет территориясын қардан тазалады.


«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ – ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ БАСТЫ ФАКТОРЫ» атты дөңгелек үстел

2020 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын кеңінен атап өту бойынша өңірдегі барлық оқу орындарында кешенді іс-шаралар эстафетасын өткізу аясында Баишев Университеті «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ – ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ БАСТЫ ФАКТОРЫ» атты дөңгелек үстел өткізді.


Құттықтаймыз!

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының докторы, едігетанушы ғалым Жұманазар Асанұлы Асан Ақтөбе қаласының 150 жылдық төсбелгісімен марапатталды. Ғалымды лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегінің жемісті болуын тілейміз!


Ел болашағы жолындағы адал еңбегі үшін марапат

Баишев Университетінің «Рухани жаңғыру» орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мұхтар Орынбасарұлы мемлекеттік саясатты өңір тұрғындарына түсіндіруге және «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасына қосқан үлесі,ел болашағы жолындағы адал еңбегі үшін Ақтөбе обысының әкімінің орынбасары М.Тоқжановтын алғысхатымен марапатталды


Бос орындар форумы

Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Ақтөбе қаласы «Өнер орталығында» Ақтөбе облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» ММ біріге өткізген Бос орындар Форумы болып өтті.


Ер Едіге ескерткішінін ашылу салтанаты

Облыс әкімінің қатысуымен Ер Едіге даңғылы бойында «Едіге- батыр»эпосының басты кейіпкері, халық сүйіктісі Ер Едігенің ескерткішінің ашылу салтанаты өтті, жиынға Байшев университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттері қатысты.


«Ер Едіге және Алтын Орда мемлекеті»

28-қаңтарда Ақтөбе қаласы «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының ғимаратында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығына арналған «Ер Едіге және Алтын Орда мемлекеті»атты ғылыми –тәжірибелік конференция өткізілді.


«Абай Құнанбайұлының қазақ руханиятындағы орны»

23 қантарда Баишев университетінде Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласы аясында «Абай Құнанбайұлының қазақ руханиятындағы орны» атты семинар өткізілді. Семинардың мақсаты :


Ақтөбе қаласындағы бос орындар форумы

«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен біріге 2020 жылы 29 қаңтарда «Өнер орталығы» ғимаратында (Әбілхайыр хан даңғылы 90 Б) жергілікті уақытпен 09.30.басталатын бос орындар Форумына шақырады.


КАРАЧАГАНАК ПЕТРОЛИУМ ОПЕРЕЙТИНГ- КӘСІПТІК ТӘЖІРИБЕ

Студенттер тәжірибесін ұйымдастыру аясында Карачаганак Петролеум Оперейтинг (КПО) компаниясы 4 курс студенттерін тәжірибеден өтуге шақырады.


"Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында үйде жеке оқытуды ұйымдастыру "

2020 жылдың 03-10 қаңтар аралығында Баишев университетінің кадрлар біліктіліктілігін жоғарылату және қайта даярлау институтында "Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында үйде жеке оқытуды ұйымдастыру " тақырыбында курс өткізілді.


Синцзян қаржы-экономикалық университетімен (ҚХР) халықаралық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою

2019 жылы 23 желтоқсан айында Баишев Университетінің президенті Бекежан Ахан, ректор А.Б.Агзамова, «Шетел тілдері мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі А.Ергазина және Конфуций институтының директоры Цзян Хончжун арасында кездесу өтті, келісім-шартқа қол қойылды. Кездесу барысында Синцзян қаржы-экономикалық университетімен (ҚХР) халықаралық ынтымақтастық туралы келісім жасасу туралы мәселелер талқыланды, оның аясында Баишев университетінің білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылары мен студенттері ҚХР-на академиялық ұтқырлық бағдарлама бойынша сабақ пен оқуға баруға мүмкіндік алады.


Сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтауға арналған сауалнама

Сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтауға арналған сауалнамаға сілтеме


Рухани жаңғыру: Ұлы Даланың Ұлы есімдерін ұлықтауға арналған ғылыми форум

Алматыда Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Еуразия ғылыми зерттеу институтының ұйымдастыруымен 19 желтоқсан да өткзілген"Ұлы дала тұлғалары:Жұбановтар тағылымы және жазу реформасы" атты халықаралық ғылыми теориялық конференцияға


Баишев Университетін 2020 бітірушілер назарына!

Жұмыспен қамту және тәжірибе бөлімі 2019 жылдың 20 желтоқсанында жергілікті уақытпен сағат 9.30. - да «»Keruen City» сауда ойын-сауық кешенінде (Маметова көшесі, 4) кезекті қалалық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтетінін хабарлайды.


Конфуций Институтының директоры кездесу

Қытай тілін оқыту және өзара ынтымақтастық сапасын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 29 қарашасында Шетел тілдері және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі А.А. Ергазина мен Конфуций Институтының директоры Джян Хонджун арасында кездесу өтті.


Құттықтаймыз!

«Society for Academic Activity» (Serbia), Nordshore School District (USA) ұйымдастырған «Оcean of knowledge: Океан знаний» халықаралық жобалар сайысында 1 орын иеленген 5В050600-Экономика білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушылары Гильденберг Екатерина мен Демешко Татьянаны және ғылыми жетекші э.ғ.к., доцент Қ.М.Балғынованы құтықтаймыз.


Үздік студент-2019»

В программной статье Главы государства Н.А.Назарбаева «Ориентир в будущее: модернизация общественного сознания» каждый должен глубоко понимать, что образование является самым фундаментальным, главным фактором успеха. Получение качественного образования, соответствующего мировому уровню должна стать одной из приоритетных задач для нашей молодежи. Ведь только та нация может достичь успеха, которая в системе ценностей знания ставит на первое место», - особо подчеркнул он, как одного из основных факторов духовного возрождения.


Кафедра оқытушылары «Қайырлы таң» бағдарламасында

12.12.2019ж. кафедраның оқытушылары тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Сулейменов Базарбай Сулейменович және гуманитарлық ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Балапашев Бекен Ақтөбе теледидарының (Қазақстан Ақтөбе) «Қайырлы таң» бағдарламасында Тәуелсіздік туралы сұхбат берді.


Ел құрметіне бөленген Ғалым ағай

Мемлекеттік саясатты өңір тұрғындарына түсіндіруге және « Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасына елеулі үлес қосқаны үшін «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к. Мусиров Ғалым Мүсірұлы Ақтөбе облысы әкімінің Алғыс хатымен және «Ақтөбе облысының 150 жылдығы» медальімен марапатталды.


Құрметті Баишев Университетінің студенттері!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесіне сәйкес және 2019-2020 оқу жылына арналған ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2019 жылдың 29 қазандағы №475 «Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу үшін бас тартылған және білім беру гранттарын конкурспен бергеннен кейін қалған бос білім беру гранттарын тағайындау туралы» бұйрығына сәйкес 2 мемлекеттік грант иегерлері өз еріктерімен гранттан бас тартуларына байланысты төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша ваканттық орындарға Ашық конкурс жарияланады!!!


«ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОБА-2019» БАЙҚАУЫ

Баишев Университетінің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету және білім беру бағдарламаларын дамыту бөлімінің ұйымдастырылуымен 2019 жылдың 18 қараша күні «Үздік әдістемелік жоба-2019» байқауы жарияланды.


Құттықтаймыз!!!

«Құрметті Гулнар Куатбековна!» Сізді «ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОБА-2019» байқауында белсене қатысқаны үшін шын жүректен құттықтаймыз! Сіз аталмыш байқауындағы шеберлік өнеріңізбен және еңбекқор ұстаз екеніңізді паш еттіңіз. Осынау сәтті пайдалана отырып, сізге зор денсаулық, толайым шығармашылық табыс тілейміз! Құрметпен, кафедра ұжымы!


«Желтоқсан –тәуелсіздік бастауы»

2019 жылы 11 желтоқсанда Баишев университетінде "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен "Желтоқсан-тәуелсіздік бастау"атты тәрбиелік іс –шара өтті. Іс - шараны өткізудің мақсаты-қазіргі жастар ұрпағының 1986 Жылғы Желтоқсан оқиғасының маңыздылығын, олардың тәуелсіздік алудағы маңызы мен рөлін ұғыну, сондай-ақ жастарды Тәуелсіздікті бағалай білуге, өз елінің патриоты болуға, ел тәуелсіздігінің бастауында тұрған өз Отанының патриоттары туралы әрдайым есте сақтауға үйрету.


Ақын Абай мен ғалым Қ.Жұбанов мұрасы ұлықталған күн

12 ноября 2019 года в университете Баишева было организовано научно-познавательное мероприятие "Қ.Жұбанов – абайтанудың негізін қалаушылардың бірі».


ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ!!

12.12.2019ж. Тәуелсіздіктің 28 жылдығына арналған университетшілік салтанатты шараға кафедраның құрамы толық қатысып, тәуелсіздік күнімен кафедра профессоры, философия ғылымдарының докторы, президент Б.Ахан профессорлық-оқытушылар құрамын және студенттерді құттықтады. Кафедра профессоры Телибеков Б.А. презентация және «ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ» тақырыбында баяндама жасады. Аталмыш баяндамадан кейін оқытушылар мен студенттер мерекелік концерт тамашалады.


Университет басшысының жаңа марапаты

Университет басшысы Ахан Бекежан «Ақтөбе қаласының 150-жылдығы» медалімен марапатталды.


«Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын кеңінен насихаттауға арналған Ақтөбе қаласы әкімдігі ұйымдастыруымен өткен, байқауға ЖОО-нан 12, колледждерден 22, жалпы 34 жұмыс қабылданған.Баишев Университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс магистранты Ақылжанова Жұлдыз Рамазанқызы (ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының кандидаты Исина Ж.А.) үздік шығармалар қатарынан жүлделі 1–ші орынды диплом және сыйлыққа смартфон иеленді.


Өзбекстан Республикасының Бас консулының Баишев Университетіне сапары

2019 жылы 5 желтоқсанда Баишев Университетіне Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Тургунов Нодиржон Джурабайұлы және Бас консулдықтың 3-хатшысы Шухратов Муроджон Музаффарович келді.


Бәйішев университетінің ректоры Агзамова Ә. Б. ЖШС «Жан Тізер» мекемесі директоры Б.О. Ержановпен келісім шартқа отырды.

Келісім шарт негізінде білім беру саласындағы ынтымақтастық, нарық талаптарына жауап беретін кәсіби дағдылармен қабілеттерге ие болу үшін «Ветеринарлық санитария» білім беру бағдарламасы бойынша білім беру ұйымы студенттерінің оқу, өндірістік, дипломалдындағы және т.б. практикаларының өтуін ұйымдастыру көзделеді.


«Геоақпараттық жүйелер: оларды тағайындау және пайдалану»

2019 ж.25 қараша – 06 желтоқсан аралығында кадрлар біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау институтында «Ауыл шаруашылық және экология» кафедрасымен бірлесе «Геоақпараттық жүйелер: оларды тағайындау және пайдалану» тақырыбында курс өткізілді.


Баишев Университетіндегі «Қазіргі Қазақстан. Елбасының көшбасшылығының сабақтары» тақырыбындағы жалпыреспубликалық ашық сабақ

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қазақстанда «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» деп аталатын жалпыреспубликалық ашық сабақ өткізілді. Баишев Университеті осы іс-шараны ұйымдастыра отырып, шараға Nur Otan партиясының өкілдерін, депутаттарды, облыс пен қаланың дамуына елеулі үлес қосқан қоғам қайраткерлерін шақырды.


НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

ENACTUS студенттік қозғалысы туралы студенттер командасы қүрамын жасақтайтындығын хабарлайды!!!


Erasmus+ бағдарламасы шеңберінде 2019-2020 оқу жылында Краков педагогикалық университеті ПОҚ академиялық ұтқырлығы

Краков педагогикалық университетінде (Польша) дәріс сабақтарын өткізу мақсатында тағылымдамадан өту үшін өтінімдерді қабылдау басталды:


Құттықтаймыз!!!!

Түркия.Мерсин университеті және "Мер-ак" Мерсин академиясы бірлесіп ұйымдастырған халықаралық симпозиум аясында С Бәйішев университеті президенті, философия ғылымдарының докторы, профессор Бекежан Ахан "Түркі әлеміне қосқан үлесі үшін" халықаралық медалімен марапатталды.


SUR-PLACE стипендиясы

Конрад Аденауэр атындағы қор 5 ай мерзімге берілетін Sur-Place жергілікті стипендиясына байқау жариялайды.


Ақын рухы ұлықталды

Белгілі сөз зергері, ақын,жыршы 19 ғ аяғы мен 20 ғ басында өмір сүрген Кенже Ақтан Керейұлының ескерткіші ұрпақтарының қолдауымен Ақтөбеде бой көтерді.2014 жылы Баишев университетінің ұйымдастыруымен өткізілген республикалық ғылыми практикалық конференцияның шешіміне сай ашылған ескерткіштің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Баишев университеті президенті Бекежан Ахан келесі жылы ақынның 170 жылдығына байланысты шаралар


«Ұлттық валюта мен Қаржыгерлер күні»

15 қараша күні Қазақстан «Ұлттық валюта мен Қаржыгерлер күнін» атап өтеді. Осы күн қарсаңында жоғары мектеп деңгейінде "Ұлттық валюта – мемлекет тәуелсіздігінің символы" атты дөңгелек үстел өтті, онда ұлттық валютаның құрылу тарихы және оны ақша айналымына енгізу, сондай-ақ әлемдік валюта нарығының мәселелері талқыланды.


Global UGRAD бағдарламасы

Құрметті, 1, 2, 3 курс студенттері!


«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 3 курс студенттері кәсіби тағылымдамадан өтіп біліктіліктерін арттырды

Баишев университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 301,302 топ студенттері 2019 жылдың 14 қазан мен 02 қараша айының аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (Ақтөбе қаласындағы мамандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығынан) тағылымдамадан өтті. Халыққа қызмет көрсету орталығында арнайы жабдықталған оқу кабинеттерінде мамандар студенттерге дәріс өткізді. Студенттер электрондық веб–порталы www.egov.kz арқылы құжаттармен танысып, кезек талондарын, ақпараттық анықтамаларды және дайын құжаттарды алуды үйренді.


Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде ҚЫСҚЫ МЕКТЕП - 2020!

08.01.2020 - 18.01.2020 ж. аралығында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті Баишев университетінің студенттерін барлық мамандықтар бойынша «Қысқы мектеп - 2020» жұмысына қатысуға шақырады.


Бизнес және құқық жоғарғы мектебінің студенттері кезекті кәсіби біліктілігін арттыру курсынан өтті

Баишев университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 4 курс және «Экономика» мамандығының 3 курс студенттері «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткізілген «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша оқу бағдарламасына қатысып, оқу барысында кәсіпкерлік міндетті айқындау, бастапқы салықтарды есептеу, жеке бизнес-жоспар құру және қорғау, топпен жұмыс жасау сияқты түрлі дағдыларды меңгеріп шықты.


Баишев университеті шетелдік ұйымдармен және университеттермен ынтымақтастықты кеңейтуде

Оқытушылардың академиялық ұтқырлығы бағдарламасы аясында 6B01711 Қазақ тілі мен әдебиеті және 7M01711 Қазақ тілі мен әдебиеті оқу бағдарламаларының студенттеріне сабақ өткізу, сонымен қатар Баишев университетінде өткен «Ұлы даланың ұлы есімдері: Жалантос Бахадур және түркі әлемі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін ғалымдар шақырылды:


"Қоғамдық келісім мен ұлт бірлігінің факторы ретінде тарихи сананы жаңғыру "

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Атырау қаласында өткен Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Атырау облысы әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім " коммуналдық мемлекеттік мекемесі,Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен


«АКТ» кафедрасы қараша айының 06-шы жұлдызында «Діни экстремизм жастарға қандай қауіп төндіреді» атты дөңгелек стол өткізді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен 2019 жыл қараша айының 06-шы жұлдызында "Діни экстремизм жастарға қандай қауіп төндіреді" атты дөңгелек стол өткізілді.


«Ғылым мен технологияның, қоғам мен білімнің өзекті мәселелері: жағдайы мен даму болашағы»

«Ғылым мен технологияның, қоғам мен білімнің өзекті мәселелері: жағдайы мен даму болашағы» атты ІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға СЫРТТАЙ ҚАТЫСУ арқылы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ жинақтаған (педагогикалық) тәжірибені жалпылау және ғылыми зерттеу нәтижелерін сынамақтан өткізіп ҚҰЖАТТЫҚ РАСТАУДЫ алуға және ЖАРИЯЛАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ.


Мерсин қаласында (Түркия) Мерсин университеті мен Mer-Ak Mersin Academy Consulting ұйымдастырған III Халықаралық Мерсин симпозиумы

31.10-2.11.2019 жылдар аралығында Мерсин қаласында (Түркия) Мерсин университеті мен Mer-Ak Mersin Academy Consulting ұйымдастырған III Халықаралық Мерсин симпозиумы мен III Халықаралық Жерорта теңізі симпозиумы ынтымақтастықта өтуде.


"МАНСАП" мемлекеттік қызмет мектебі маманымен кездесу

31 қазан күні ҚР мемлекеттік істері Департаменті Ақтөбе облысы бойынша басқарамасының бас маманы Сабирова Мадина Советовамен «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 4 курс студенттерінің кездесуі өтті. Кездесуде түлектерге «МАНСАП» Ақтөбе студенттік мемлекеттік қызмет мектебіне талапкерлерді қабылдау тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, кездесу барысында түлектер «Б» корпусы мемлекеттік лауазымдарына кандидаттардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеудің үшінші бағдарламасы туралы толық ақпарат алды.Кездесуге түлектермен бірге «Экономика және басқару» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к Б.М.Шукурова., магистр аға оқытушы С.К.Калмагамбетова, Н.Т.Сейткалиева қатысты.


Меморандум аясындағы шаралар

Баишев Университетінің «құқық және жалпы білім беретін» пәндер кафедрасы Ақтөбе облысының Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер «Құқықтану» мамандығының оқытушылары мен студенттері ҚР Ұлттық экономика министрлігімен ҚРҰКП мен бірлесе отырып ұйымдастырылған «Тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық палатасымен «Ынтымақтастық туралы Меморандумға» отырды. Осы ынтымақтастық меморандумның аясында оқыту жобасы бойынша оқу курсына қатысып сертификаттарға ие болды.


ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ:ЖАЛАҢТӨС БАһАДҮР ЖӘНЕ ТҮРКІ ДҮНИЕСІ» атты халықаралық конференция

Ұлы тұлғаларадың ерлік дәстүрлері арқылы тұлғаны тәрбиелеу, адамдыққа баулу, өнегелі азаматты қалыптастыру мақсатында 2019 жылдың 25-26 қазан аралығында Баишев университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ:ЖАЛАҢТӨС БАһАДҮР ЖӘНЕ ТҮРКІ ДҮНИЕСІ» атты халықаралық конференция өткізілді.


"Жалантос Бахадур және түркі әлемі"

26.10.2019 "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Жалантос Бахадур және түркі әлемі" атты халықаралық конференция, Баишев университеті мен "Жалантос Бахадур Сейтқұлұлы" қайырымдылық қоры ұйымдастырған университеттің ақ залында өтті.


«Түркі әлеміндегі тілдік, әдеби байланыстар: көне түркі эпостары негізінде» атты шараның өтуі

Қазанның 24-күні Білім берудің жоғары мектебі «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Шет тілдері мен әдебиеті» кафедраларының ұйымдастыруымен «Түркі әлеміндегі тілдік, әдеби байланыстар: көне түркі эпостары негізінде» атты дөңгелек үстел болып өтті. Университет оқытушылары, «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Шет тілдері мен әдебиеті» мамандығының магистранттары мен студенттері Азербайжан ғылым академиясының профессоры Галиб Әмірағаоғлу Саилов, Түрік еліндегі Мерсин университетінің профессоры Али Арслан, Дағыстан мемлекеттік педагогикалық университеті Халықаралық қатынас бөлімінің басшысы Эльдар Набиевич Гаджиевтерді қарсы алып, олармен түркі дүниесінің рухани ортақтығы мәселесін талқылады.


Баба түкті боз даланың жыршысы

Бүгін қазанның 25-күні Білім берудің жоғары мектебі «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР «Дарын» сыйлығының, ҚР Президетінің әдебиет саласындағы стипендиясының иегері, Маңғыстаудың маң даласындай маңғаз ақын Светқали Нұржанмен кездесу болып өтті. Кездесу барысында мамандық магистранттары мен студенттері ақынмен еркін форматта сұхбат құрып, сұрақтар қойды. Тақырып аясы ақынның өзінен басталып, қазақтың арман-рухы, азаттық пен азаматтық тұрғысындағы әңгімеге ұласты.


Орынбор Сәкен Сейфуллиннің есімін ардақтады

Өткен аптада Орынбор қаласы Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінде қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, қайраткер Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған «Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығы мен өмірі» атты халықаралық дөңгелек үстел болып өтті. Бұл шараға Білім берудің жоғары мектебі «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Исина Ж.А, кафедраның оқытушылары «Рухани жаңғыру» орталығының директоры, ф.ғ.к. Миров М.О, п.ғ.м., аға оқытушы Ермекбаева Г.Г. қатысып, баяндама оқып, белгілі тұлғаға қатысты өз ойларын ортаға салды. Конференция нәтижесінде жинақ шығару жоспарланды.


Республикалық жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында жүлделі орынды иемденген «5В011100 – Информатика» мамандығының студенттерін құттықтаймыз!!!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Республикалық жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары» байқауында Баишев университеті АКТ кафедрасының аға оқытушысы магистр Медеуов Ербол Қуанышбаевичтің жетекшілігімен дайындалған «5В011100 – Информатика» мамандығының студенттері Узбекбаев Жарас Талгатулы және Жанабеков Кудайберген Канатовичті 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталуымен құттықтаймыз. Ғылымда творчествалық табыстар мен жетістіктер тілейміз!


«Жаратылыстану пəнінің мазмұнын ұйымдастыру» тақырыбында ашық сабақ өткізілді

2019 жылдың қазан айының 22-сі күні «Педагогика және психология» кафедрасында 5В010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4 курс студенттерімен «Жаратылыстануды оқыту әдістемесі» пәнінен PhD докторант, аға оқытушы Сугуралиева Алия Мұхамбеджановнаның ұйымдастыруымен «Жаратылыстану пəнінің мазмұнын ұйымдастыру» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.


Қ.Жұбановтың 120 жылдық мерейтойына арналған «Zhubanov cup» пікірсайыс турнирінен ІІ орын

Қ.Жұбановтың 120 жылдық мерейтойына және "Заман біздікі элиталар одағының" құрылуына 4 жыл толуына орай ұйымдастырылған Zhubanov cup жоғары деңгейде өткізілді. 19-20 қазан аймақтық турнир Ақтөбе, Орал,Атырау, Ақтау секілді 4 облыстың майталман пікірсайысшыларының басын қосты. Университетіміздің намысын қорғап 10 фракция қатысқан болатын. 40 фракция ішінен 4 фракция плей-офф ойындарына өтіп,1 курс студенттері керемет ойын, жоғары нәтиже көрсете білді.


Студенттер қатарына қабылдау

2019 жылдың 17 қазанында университет ақ залында «Студенттер қатарына қабылдау» мерекелік шарасы өтті. Университет ректоры, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент А.Агзамованың құттықтау сөзінен соң жоғары мектеп декандары топ старосталарына студенттік билеттерін салтанатты түрде табыс етті. Студенттер ант қабылдаған соң студенттік гимн «Гаудеамусты» шырқады. Шара мерекелік кеонцертпен аяқталды.


Шетелдік профессор В. Ф. Аитовтың келуі

«Шетел тілдері мен әдебиеті» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларының халықаралық ықпалдастығын дамыту және біліктілігін арттыру мақсатында 2019 жылдың 14-18 қазан аралығында педагогика ғылымдарының докторы,


"Спорт - жан серігім" атты эстафеталық жарысы

Қазан айының 12-жұлдызында бір жағынан салауатты өмір салтын насихаттай отырып, екінші жағынан қайырымдылыққа үлес қосу мақсатында "Жарқын болашақ" еріктілер тобының ұйымдастыруымен өткізілген "Спорт - жан серігім" атты эстафеталық жарыстан "Үміт нұры" еріктілер тобы жүлделі II орынға ие болды! Құттықтаймыз!


Халықаралық Конгресс

Баишев Университетінің президенті ф.ғ.д. Аханов Б.А. және аталған университеттің «Рухани жаңғыру» орталығының директоры ф.ғ.к. Миров М.О. 11- қазанда Ақтау қаласы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжинерининг университетінде ұйымдастырылған Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері ҚР Еңбек Ері Әбіш Кекілбайұлының 80-жылдығыеа арналған әдебиет және қоғам қайраткерлерінің халықаралық конгресіне қатысты.


Баишев университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы филиалының ашылуы

2019 жылғы 10 қазанда қаламыздағы «Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясында» Баишев университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы өз филиалын ашты. Салтанатты шараға университеттің Білім берудің жоғары мектебі деканы А.Қ.Дүйсенбаев, кафедра меңгерушісі Ж.А.Исина, кафедраның ғалым-оқытушылары мен мектеп директоры М.К.Тойшыманова, мектеп мұғалімдері қатысты. Филиал жұмысының негізінде дуалды білім беру


Президент жолдауына байланысты сұхбат

2019 жылдың 7-8 қазан күндері Баишев Университеті «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к. Мусиров Ғалым Мусирович «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында облыстық ақпараттық топтың құрамында Әйтеке би ауданының елді мекендерінде іс-сапарда болды. Іс-сапар кезінде тұрғындар арасында президент жолдауы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


"Таза қала - Таза жағалау" акциясы

2019 жылдың 5 қазан күні "Елек" өзені жағалауында, Нокин және Конаев көшелерінің қиылысында, Ақтөбе облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы тапсырмасымен, "Жасыл ел" еңбек жасақтарының ұйымдастыруымен "Таза қала – Таза жағалау" акциясы өтті. Акцияға Баишев университеті студенттері қатысты.


Ұстазтар күні

2019 жылдың 4 қазан күні университетімізде Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Ұлағатты Ұстаздарымызды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтай отырып, керемет көңіл-күй сыйлаған Жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенді студенттеріне алғыс білдіреміз!


«Ұстаз деген жарық күні ғаламның»

2019 жылдың қазан айының 3-4 күндері аралығында «Педагогика және психология» кафедрасының «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және «Педагогика және психология» мамандықтарының 4 курс студенттері ұстаздарға арнап, «Ұстаз деген жарық күні ғаламның» атты мерекелік іс-шаралар өткізді. Студенттер ұстаздарға өздерінің ыстық ықыластары мен алғыстарын білдірді.


Ұстазым, сізге мың алғыс!

Білім берудің жоғары мектебі "Қазақ тілі мен әдебиеті", "Шет тілі", "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының студенттері Баишев университетінің ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтайды. Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс тілейді. Мерекеге орай дайындалған құттықтауымызды қабыл алыңыздар!


Ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына байланысты жарияланған эстафета

Баишев университеті Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 402-топ студенттері ақын Абайдың 175 жылдығына байланысты республика аумағында жарияланған эстафетаға үн қосып, Абайдың 9-қарасөзі бойынша дайындаған видеоролигімізді ұсынамыз. Эстафетаны 3-курс студенттеріне жолдаймыз. #Абай175#Абайқарасөздері


Спорттық туризм техникасы бойынша туриада

2019 жылдың 26-28 қыркүйек аралығында Халықаралық туризм куніне орай Қалалық жас туристер станциясымен бірлесе «Алтын күз-2019» спорттық туризм техникасы бойынша «Өрлеу» ауылындағы «Достық» демалыс орталығында туриада өткізілді.


Туризм Спорт Денсаулық

23-28 қыркүйек аралығында 27-қыркүйек Халықаралық туризм куніне орай Баишев университетінде «Туризм Спорт Денсаулық» тақырыбында апталық өткізілді. Апталықтың мақсаты: «100-нақты қадам» ұлт жоспарының 57 қадамы бойынша турзмді дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, отансүйгіштікке тарбиелеу. Апталықта семинар, конференция, олимпиада,туриада ұйымдастырылды.