Баишев Университет

Синцзян қаржы-экономикалық университетімен (ҚХР) халықаралық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою

         2019 жылы 23 желтоқсан айында Баишев Университетінің президенті Бекежан Ахан,  ректор А.Б.Агзамова, «Шетел тілдері мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі А.Ергазина және Конфуций институтының директоры Цзян Хончжун арасында кездесу өтті, келісім-шартқа қол қойылды. Кездесу барысында Синцзян қаржы-экономикалық университетімен (ҚХР) халықаралық ынтымақтастық туралы келісім жасасу туралы мәселелер талқыланды, оның аясында Баишев университетінің білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылары мен студенттері ҚХР-на академиялық ұтқырлық бағдарлама бойынша сабақ пен оқуға баруға мүмкіндік алады.