Баишев Университет

Рухани жаңғыру: Ұлы Даланың Ұлы есімдерін ұлықтауға арналған ғылыми форум

        Алматыда Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында  Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Еуразия ғылыми зерттеу институтының ұйымдастыруымен 19 желтоқсан да өткзілген"Ұлы дала тұлғалары:Жұбановтар тағылымы және жазу реформасы" атты халықаралық ғылыми теориялық конференцияға  СБАЙШЕВ университеті  Рухани жаңғыру орталығының  директоры, филолология ғылымдарының кандидаты, доцент  Мұхтар Орынбасарұлы Миров қатысып ,Жұбановтар феномені және оың қазақ руханиятын қалыптастырудағы орны туралы баяндама жасады. Университет ректоры Ә Б Ағзамованың арнайы Құттықтау хатын және  өзнің  "Қ Жұбановтың лингвистикалық танымдары " атты монографиясын тарту етті. Конференцияға Ресей  Түркия ,Әзербайжан ,Қырғызстан  т.б алыс- жақын  шетелден келген  ғалымдар қатысты. Жерлесіміз тіл білімінің тұңғыш профессоры  Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың туғанына 120 жыл және оның баласы профессор Есет Құдайбергенұлы Жұбановтың 90  жасқа толуына арналған бұл  халықаралық тағылымы мол шараға текті әулеттің ұрпақтары түгел қатынасты.Ғылыми форум  аясында А Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен С Байшев университеті арасында ғылыми байланысты күшейту үшін Ынтамақтастық туралы Меморандумға қол қойылды