Баишев Университет

Конфуций Институтының директоры кездесу

         Қытай тілін оқыту және өзара ынтымақтастық сапасын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 29 қарашасында Шетел тілдері және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі А.А. Ергазина мен Конфуций Институтының директоры Джян Хонджун арасында кездесу өтті. Кездесу барысында Баишев университетінің оқытушылар құрамына қолдау көрсету, қытай тілі оқу материалдарын әзірлеу бойынша сұрақтар көтерілді. Сондай-ақ, «Экономика», «Мұнай газ ісі» және басқа да мамандықтар бойынша қытай тілі курстарын кеңейту мүмкіндігін талқылады. Сонымен қатар қытай тілін үйренушілердің санын арттыру идеясы ұсынылды. Кездесу соңында Директор Джян Хонджун Баишев университеті Синьцзян қаржы-экономикалық университетінің студенттерімен алмасуға ықпал ететіндігіне, сонымен қатар, білім беру және ғылыми-зерттеу саласында ынтымақтастықта үлкен рөл атқаратынына сенім білдірді.