Баишев Университет

Бизнес және құқық жоғары мектебі

Бизнес және құқық жоғары мектебі  туралы ақпарат

Баишев Университеті мекемесінің бизнес және құқық жоғары мектебі  оқу орнының миссиясына сәйкес және жұмыс берушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын бакалавриатта 10 білім беру бағдарламасы, магистратурада 3 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар дайындайды.  Жоғары мектепте 4 кафедра бар:

 

    Сапалы білім беру үрдісі жоғарғы білікті профессорлық-оқытушылық құраммен қамтамасыз етіледі. Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми біліктілік дәрежесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес келеді. Жоғары мектептің  профессор-оқытушылар құрамы университет ұйымдастырған барлық іс-шараларға белсене қатысады. Жоғары мектептің  білім алушылары қаланың, облыстың және республиканың спорттық, мәдени, гылыми іс-шараларына белсене қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

Жоғары мектепте келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындайды:

  •  Бакалавриат:
  • 5В050600/6В04121 - Экономика/Экономика
  • 5В050800/6В04141 - Есеп және аудит/Учет и аудит
  • 5В050900/6В04131 -  Қаржы/Финансы

5В051000/6В04111 - Мемлекеттік және жергілікті басқару/ Государственное и местное управление

  • 5В060800/6В05211 - Экология/Экология
  • 5В080100/6В08111 - Агрономия/Агрономия
  • 5В090200/6В11111 - Туризм/Туризм
  • 5В120200/6В09111 - Ветеринарлық санитария/Ветеринарная санитария
  • 5В011500/6В01411 - Құқық және экономика негіздері/Основы экономики и права
  • 5В030100/6В04211 - Құқықтану/Юриспруденция 
  • Магистратура: 
Ғылымипедагогикал ық бағыт/ научнопедагогическое направление
6М051000/7M04111 Мемлекеттік және жергілікті басқару/ 7M04111Государственное и местное управление
Бейіндік бағыт/Проф ильное направление
6М051000/7M04112 Мемлекеттік және жергілікті басқару/ 7M04112 Государственное и местное управление
 
Ғылымипедагогикал ық бағыт/ научнопедагогическое направление
6М050600/7M04121 Экономика/ 7M04121 Экономика
Бейіндік бағыт/Проф ильное направление
6М050600/7M04122 Экономика/ 7M04122 Экономика
 
Ғылымипедагогикал ық бағыт/ научнопедагогичес кое направление
6М050900/7M04131 Қаржы/ 7M04131 Финансы
Бейіндік бағыт/Проф ильное направление
6М050900/7M04132 Қаржы/ 7M04132 Финансы

    Оқу үдерісі модульдік білім беру бағдарламасының негізінде құрылады және білім беру траекториясын таңдауға мүмкіндік береді, білім алушыларға таңдаған білім беру бағдарламалары ерекшеліктерін барынша терең әрі толық зерттеуге мүмкіндік береді. Жоғары мектептегі оқу процесін жүйелі және сапалы түрде өткізілуін қамтамасыз ету үшін кафедралар білім беру бағдарламаның ерекшелігіне сәйкес арнайы кабинеттер және зертханалармен жабдықталған.

Қазіргі уақытта бизнес және құқық жоғары мектебінде  1400 астам білім алушылар оқиды, олардың ішінде  грант және стипендия иегерлері төмендегідей:

  1. -35 мемлекеттік грант,
  2. «Серпін»  бағдарламасы бойынша -5,
  3. ректор грантының иегері – 2,
  4. С.Бәйішев атындағы атаулы стипендияның иегері -1,
  5. облыс әкімінің атаулы стипендиясының иегерлері – 7.
Сонымен қатар білім алушыларға әр түрлі жеңілдіктер қарастырылған.
Жоғары мектептің даму жоспарында оқу процесіне білім берудегі ақпараттық технологияларды қалыптастыру және енгізу, электрондық оқулықтар мен оқу құралдарын енгізу, білім беру бағдарламаларын инновациялық жетілдіру қарастырылып, қазіргі таңда жүзеге асырылуда.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

    Профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар университеттің шетелдік серіктес жоғарғы оқу орындарында білім алуға,  академиялық жылдың ішінде ағылшын тілін жетілдіруге, сол сияқты негізгі әлемдік шетел тілдерінің бірін қосымша игеруге, халықаралық ғылыми конференцияларға, мәдени шараларға, симпозиумдарға қатысуға  мүмкіншіліктері бар.

Жоғары мектептің негізгі шетелдік серіктестері:

  • ФГБОУ ВО Г.Плеханов атындағы  РЭУ Орынбор  филиалы (РФ),
  • Юзефовадағы Альчиде де Гаспери  атындағы евроаймақтық экономика университеті  (Польша),
  • ФГБОУ ВО М.Акмолла  атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті (Уфа, Башқұрт, РФ),
  • ФГБОУ ВО Орынбор мемлекеттік аграрлық университеті (РФ),
  • Шыңжаң экономика және қаржы институты (КНР),
  • ФГНБУ Н.И.Вавилов  атындағы бүкілресейлік өсімдіктер институты  (РФ).

 Деканнның қабылдауы күн сайын  сағат 15.00-18.00 аралығында жүргізіледі