Баишев Университет

"Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында үйде жеке оқытуды ұйымдастыру "

          2020 жылдың 03-10 қаңтар аралығында Баишев университетінің  кадрлар біліктіліктілігін  жоғарылату  және  қайта даярлау институтында "Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында үйде жеке оқытуды ұйымдастыру " тақырыбында курс  өткізілді. 
          Курстың мақсаты: кәсіби құзыреттілікті дамытуға қажетті кадрларды даярлау, иеленуші оңтайлы нысандарымен оқыту және тәрбиелеу білім алушылардың орналасқан жеке үйде оқытуды қамтамасыз ету, терең және мақсатты түрде меңгеру, педагогикалық білімі мен әдістерін оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, үйде  қызығушылықтарын қалыптастыру , оларды кейіннен педагогикалық өздігінен білім алу және кәсіби өзін-өзі жетілдіру.
          Курс тыңдаушылары оқытудың жеке бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру үшін педагогикалық жобалаудың теориясы мен әдістерінің негіздерімен танысты;
оқушылардың денсаулық ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ жоспарын құрастырды;
әр түрлі білім беру салаларының оқу бағдарламалары бойынша балаларды үйде оқыту ерекшеліктері талданды.
           Алға, Байғанин, Темір және Мәртөк аудандарынан келген тыңдаушыларға біліктілікті арттыру курстарын аяқтау туралы сертификаттар тапсырылды. Тыңдаушылар университет басшылығына және модератор , зерттеуші педагог  Ақтөбе қаласының №7 арнайы(түзету) мектебінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Дина Сандыбекқызы Қуанғалиеваға алғыстарын  білдірді.