С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетi

УНИВЕРСИТЕТ МИССИЯСЫ - Қазақстан экономикасының инновациялық дамуы үшін жоғары білікті, бәсекелестікке қабілетті, әлеуметтік-жауапты кадрлар даярлау

ЖОО бітіргеннен кейін білім беру бөлімі

Бекбусинова Гульнафиз Кенжебековна

Экономика ғылымдарының кандидаты

Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін оқу бөлімі туралы

АҚПАРАТ

Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін оқу бөлімі университеттің құрылымдық бөлімі болып табылады және экономика ғылымдарының кандидаты Мусиров Галым Мусирович басқарушылық етеді.

2008 жылдан бүгінгі күнге дейін университет магистратурасында кадрлар даярлауға 8 мамандық бойынша білім беру қызметіне лицензиялар бар:

6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті

6М011800 – Орыс тілі мен әдебиеті

6М020100 – Философия

6М020500 – Филология (қазақ, орыс)

6М050600 – Экономика

6М050700 – Менеджмент

6М050900 – Қаржы

6М051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару

Біз келесі мамандықтарды ашуға дайындық үстіндеміз:

6М010300 - Педагогика және психология

6M070300 - Ақпараттық жүйелер

6М070800 - Мұнай-газ ісі

6M070200- Автоматтандыру және басқару

6M011900 - Шетел тілі

Кадрлар даярлау екі бағыт бойынша жүргізіледі:

- Оқу мерзімі 2 жыл-ғылыми және педагогикалық;

- Оқу мерзімі 1 жылдан кем емес-бейіндік.

Ғылыми-педагогикалық магистратура терең ғылыми және педагогикалық дайындығы бар бизнес пен экономика саласы, жоғары және жоғары орнын бітіргеннен кейін білім беру жүйесі үшін ғылыми және педагогикалық кадрлар даярлау бойынша жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

 Профильдік магистратура терең кәсіби дайындығы бар әлеуметтік сала, экономика мен бизнес, білім беру салалары үшін басқарушы кадрлар даярлау бойынша жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

Теориялық оқуды бітірген және магистрлік диссертация (ғылыми және педагогикалық бағыт) немесе (профильдік бағыт) қорғағандарға тиісті мамандық бойынша «магистр» дәрежесі беріледі.

Магистратура қызметі жылдары 488 магистрант оқыды.

Магистратура мамандықтары бойынша университеттің білім беру сапасы Қазақстан Республикасының аккредиттеу және рейтингінің Тәуелсіз агенттігінде дәлелденді.

Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін оқу бөлімінің басты бағыттары:

- сапа саласындағы С.Бәйішев ат. АУ саясаты мен мақсаттарын жүзеге асыру;

- оқу үрдісін ұйымдастыру, жоспарлау және оқыту сапасын бақылау;

- модульдік білім беру бағдарламаларын, оқу жұмыс жоспарларын, оқу үрдісі және академиялық күнтізбелер кестесін әзірлеу;

- шетел ғылыми тағылымдамаларын, зерттеу, өндірістік және педагогикалық практикаларды ұымдастыру;

- магистранттардың білімі мен ғылыми жұмыстарының интеграциясы;

- бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, алдыңғы қатарлы шетел ЖОО және ұлттық орталықтарымен бірлесіп екідипломдық білім беруді енгізу;

- магистратура мамандықтары бойынша кафедра қызметін бақылау және үйлестіру;

- университет ректоратына магистратурадағы білім беру үрдісі сапасын күшейту жөнінде ұсыныстарды енгізу және саралау ;

- оқу үрдісін құжат жағынан және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету.

 Академиялық күнтізбеге сәйкес, магистранттар еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында шетелде ғылыми тағылымдамадан өтеді.

Магистранттардың М.Ақмолла атындағы Башкұрт мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымнан өтуі

 

Магистранттардың  М.Ақмолла атындағы Башкұрт мемлекеттік университетінде халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуы

1 курс магистранттары М.А0молла атындағы БМПУ-де ғылыми тағылымда, Ресей, Уфа қаласы

Магистранттар Орынбор қаласындағы Г.В. Плеханов атындағы РЭУ филиалы корпусының алдында

Орынбор қаласындағы Г.В. Плеханов ат. РЭУ филиалынан тағылым жетекшісі а/ш ғылымдар докторы Салихов А.А., С. Бәйішев ат. АУ тағылым жетекшісі магистр Исетова А.Т., э.ғ.к., доцент, лектор - Лазарева О.С.

Магистранттар «Филология және аударма» кафедрасының  оқытушыларымен бірге «Mobile Assisted Language Learning and British Council Digital Resources» семинарында.

Университет өз түлектерін - мансаптық өсуде табысқа қол жеткізген магистранттарды мақтан тұтады. Осылайша, мамандығы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» түлектері Ақшолақов Қанат Серікбайұлы АҚ «ҚазМұнайГаз Өнімдері» Ақтөбе филиалының директоры болды, магистрлік түлегі Тажмуханов Жандарбек Kылышбаевич директорының орынбасары болды. Магистрлік ғылыми және педагогикалық бағыттағы көптеген түлектер өздерінің қызметтік жолын жоғары оқу орындарында мұғалімдік  жұмыспен байланыстырды:

- Борамбаева А.М., Ермекбаева Г.Г. (мамандығы - қазақ тілі мен әдебиеті)

- Султанова С.М., Туржанова Г.Н., Карагулова А.А., Токпаева Л.С. (мамандығы - филология)

- Дауенова А.С., Отаралиева Г.Е., Досмұрат С.Қ. (мамандығы - философия)

- Исетова А., Қонақбаева А.У., Молдағұлова Ж.А. (мамандығы - экономика)

- Барышева Ж.Б., Ержанова З.К., Конакова Г.М. (мамандығы - Қаржы).

Магистратура түлегі Сидешова З.Г. өзінің университетіндегі оқытушылық қызметі мен М.Акмолла ат. Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінде аспирантурадағы оқуын қатар алып жүр, сонымен қоса магистратураның түлегі Г.Н. Актайлакова оқу процесінің тәжірибелі ұйымдастырушысы болып, университеттің оқу-әдістемелік бөлімін басқарып отыр және т.б.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және қазіргі уақытта бөлім басшысы экономика ғылымдарының кандидаты, Бекбусинова Гүлнафис Кенжебековна болып табылады.

Аға әдіскер Асарбай Ақтоты Жұмабайқызы         

Байланыс телефоны: 87016102111

E-mail: totina@list.ru