С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетi

УНИВЕРСИТЕТ МИССИЯСЫ - Қазақстан экономикасының инновациялық дамуы үшін жоғары білікті, бәсекелестікке қабілетті, әлеуметтік-жауапты кадрлар даярлау

Жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ БОЙЫНША АТТАШЕ ОРЫНБАСАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

2018 жылғы 10 қазанда Астанадағы АҚШ елшілігінің Мәдениет және білім беру бойынша Атташе орынбасары Лэнс Эриксон мырза және АҚШ елшілігінің қоғамдық қатынастар жөніндегі көмекшісі Айдана Кеңесбаева университетіміздің Бірінші проректоры Б.Х. Кусановамен және Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры О.И. Лыгинамен, сондай-ақ университет оқытушыларымен және студенттерімен кездесті.


Мемориал

2018 жылғы 11 қазан күні, Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында, Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылында Ұлы Отан соғысының ардагері, "Қызыл жұлдыз", "Отан соғысы" ордендерінің иегері, партия-кеңес қызметі қайраткері, Ақтөбе облысының дербес зейнеткері Телібеков Арықбайға арналған мемориалдық тақтаның орнатылу рәсіміне С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің ӘжТЖЖ проректоры А.В.Усов және студенттері қатысып келді.


«Өмір - менің барым» жастар флеш-мобы

2018 жылғы 20 қыркүйекте «Жасөспірімдер арасында суицидтік мінез-құлықты болдырмау және олардың психикалық денсаулығын нығайту» атты әлеуметтік жобаның аясында 2018 жылдың 20 қыркүйегінде «Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ММ бұйрығымен университеттің ауласында «Өмір - менің барым» атты флешмоб ұйымдастырылды.


Халықаралық Отбасы күніне арналған эстафета

17 қыркүйек – Халықаралық Отбасы күніне арналған, жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «Бірлігіміз жарасқан» эстафеталық жарысы өтті. Белсенді студенттер арасында өткен жарыстың мақсаты ауызбіршілік пен ынтымақтастықты нығайту. Шараны Қазақстан-Ақтөбе телеарнасы қолдап, студенттерден сұxбат алды.


Өзіңді туберкулезден қорға

20 қыркүйекте университет конференц-залында Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен №4 қалалық емхана өкілдерімен кездесу өтті. Олар облыс денсаулық сақтау стратегиясының басым бағыттары, туберкулездің эпидемиологиялық жағдайлары, кімдерде ауруға шалдығу қаупі жоғары екендігі, балаларды аурудан қорғау, ауруға шалдыққан балалар, туберкулезді анықтау және алдын-алу, денсаулықты сақтау және қаланың санитарлық-гигиеналық жағдайын жақсарту туралы сөз қозғады.


Алаш арыстары

20 қыркүйек күні Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мемориалды музейінде Жаһанша мен Халел Досмұхамедовтардың басшылығымен «Алашорда» Батыс бөлімшесі құрылғанына 100 жыл толуына орай, «Алаш арыстары» атты тарихи-танымдық шараға университеттің бір топ студенті қатысып келді.


Бас мүфтимен кездесу

2018 жылғы 24 қыркүйек күні Ақтөбе облысының зиялы қауым өкілдері және қоғамдық кеңес мүшелерінің бас мүфти Серікбай қажы Оразбен кездесу өтті. "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы ғимаратында өткен жиынға ӘжТЖ жөніндегі проректор А.Усов және ӘжТЖ орталық директоры С.Жалмағанбетова қатысты.


Кәмелетке толмаған студенттермен жұмыс жүргізілді

2018 жылдың 19 қыркүйек күні университет ақ залында, кәмелетке толмаған студенттердің картотекасы жүргізілді. Жиналыс барысында, оларға кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы сипаттамасын, ережесін, тағайындалатын жаза түрлерінің мән-жайын ӘжТЖ жөніндегі проректор А.Усов және ЖІК төрағасы А.Әзиев түсіндіріп кетті.


ҚР Президентінің Жолдауын талқылау

2018 жылғы 10 қазан күні университет конференц залында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жолдауын талқыланды.


ТӘУЕЛСІЗДІКТІ АҢСАҒАН АЛАШ АЗАМАТТАРЫ

14 қыркүйек күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, қоғам қайраткері Тобанияз Әлниязұлы мен ақын, жыршы, әнші, атбегі, репрессия құрбаны Зәкария Сағындықұлы бастаған алаш азаматтарын еске алуға арналған С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті, Қызылқоға ауданының әкімдігі, Қоғам қайраткері Тобанияз және ақын Зәкарияның ұрпақтарының ұйымдастыруымен тәуелсіз ел атану жолындағы басын қатерге тіккен алаш азаматтарының өнегелі істерін насихаттай отырып, бүгінгі және кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында «ТӘУЕЛСІЗДІКТІ АҢСАҒАН АЛАШ АЗАМАТТАРЫ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция болып, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш ашылды. Конференцияны С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің президенті, Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы Бекежан Ахан жүргізді.


Жатақхана

18 қыркүйек күні жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы А.Әзиев пен студенттік ректорат мүшелері жатақхана тұрғындарымен кездесті. Жиналыс барысында ішкі тәртіп ережелерімен таныстырды және студенттерді университеттің мәдени-қоғамдық, тәрбиелік шараларға белсене қатысуға шақырды.


Университет студенттерімен ENACTUS BAISHEV UNIVERSITY AKTOBE студенттік команда мүшелерінің кездесуі

2018 жылдың 12-14 қыркүйегінде біздің университеттің ENACTUS студенттік командасының мүшелері студенттермен кездесулер өткізді. Кездесу барысында студенттерге ENACTUS халықаралық ұйымының қызметімен танысуға, сондай-ақ студенттерге өздерінің кәсіпкерлік әлеуетін ашуға, өздерінің бизнес идеяларын жүзеге асыруға, сондай-ақ стартаптарды қаржыландыруға инвесторларды іздестіруге мүмкіндік берілді.


Алғыс хат

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті және университет ректоры Агзамова Әлия Бекежанқызы университеттің студенттеріне арналған бизнес-идеяларды алға жылжытуға, студенттік кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін Enactus Kazakhstan студенттік кәсіпкерлік халықаралық ұйымының алғыс хаттарымен марапатталды.


С. Бәйішев атындағы АУ поляк тілінің курстары үшін үміткерлерді қабылдайтынын жариялайды!

Халықаралық байланыстар және академиялық мобильділік бөлімі Ақтөбе поляктарының «Святло» этно-мәдени бірлестігімен бірлесе отырып, поляк тілінің тегін курстарына үміткерлерді қабылдайтынын жариялайды.


Алғыс хат!

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті Дін істері және азаматтық қоғам министрі Д.Калетаевтің студенттік кәсіпкерлікті дамытуға және инновацияға белсенді қатысқаны үшін алғыс хатымен марапатталды!


Enactus студенттік командасын құттықтаймыз!

Біздің Enactus студенттік ұжымы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Халықаралық қайта құру және даму банкімен бірлесе отырып өткізген «ZhasProject» байқауының грантын жеңіп алды. Байқаудағы жеңіс командаға мүмкіндігі шектеулі жандарға ағылшын тілін үйрету үшін “TOO EASY” жобасы бойынша жұмысты бастауға мүмкіндік берді. Жоба студенттерге ағылшын тілін үйретіп қана қоймай, әлеуметтік өмірге қатысуды арттыруға, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және қоғамның белсенді мүшелеріне айналуға мүмкіндік береді.


Ғылым комитеті 2018 жылдың жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлығына және мемлекеттік ғылыми стипендияларға ізденіс конкурсын жариялайды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2018 жылдың жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлығына ізденіс конкурсын жариялайды.


1 курс студенттерімен жалпыуниверситетттік жиналыс

2018 жылдың 6 қыркүйек күні университетіміздің Ақ залында 1 курс студенттерімен жалпыуниверситетттік жиналыс өткізілді. Жиналыста университетіміздің ішкі тәртіп Ережесін сақтау сұрақтары қарастырылды және студенттер ар-намыс кодексімен таныстырылды. Студенттердің қоғамдық тәртіптің ережелерін бұзбауына және рұқсат етілмеген митингтерге қатыспауына баса назар аударылды.


«Жастары белсенді елдің - болашағы жарқын!» атты кеңейтілген жастар кеңесі

Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде Облыс əкімі Бердібек Сапарбаев Жастар кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізді. Оған университетімізден ӘжТЖ жөніндегі проректор А.В.Усов, ӘжТЖ директоры С.Т.Жалмағанбетова және жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы А.І.Әзиев қатысты.


Білім күні!

2018 жылдың 1 қыркүйегінде университетте Білім күніне арналған салтанатты шара өтті. Бірінші курс студенттерін құттықтап, университетіміздің президенті Ахан Бекежан Аханұлы сөз сөйледі. Іс-шараның соңында бірінші курс студенттерінің тілектерімен шарлар көкке ұшырылды.


Тонгмионг университетімен ынтымақтастық

2018 жылдың 7 маусымында С.Бәйішев ат. Ақтөбе университетінде Тонгмионг (Корея Республикасы) университетінің өкілдері: Hong Sub Jung университетінің президенті және Халықаралық істер басқармасының деканы Joong Rak Kweon кездесу өтті. Кездесу барысында дайындау бағыттары бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру аясында студенттердің оқуы туралы мәселелер қарастырылды: «Автоматтандырылған жобалау», «Өнеркәсіптік және сән дизайны», «Мектепке дейінгі білім беру», «Ақпараттық-коммуникациялық инженерия», «Басқарудың ақпараттық жүйесі», «Кеңес беру психологиясы» «Сәулеттік жобалау», «Туризм менеджменті», «Қаржы және бухгалтерлік есеп». Сонымен қатар, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру, және тіл курстарын ұйымдастыру.


«Заманауи технологияларды қолданып пайдалы қазбалар кен орындарын өндеу шарттарын оңтайландыру» тақырыбында дөңгелек үстел

2018 жылдың 21 мамырында шетелдік ғалым Эдит Коуэн Университетінің (Австралия) профессоры, PhD Стефан Иглауэр және мұнай мен газ өндіру саласының мамандары, сондай-ақ «Мұнай және газ ісі» және «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандықтары студенттерінің қатысуымен «Заманауи технологияларды қолданып пайдалы қазбалар кен орындарын өндеу шарттарын оңтайландыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.


Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті Қазақстанның рейтингі жоғары 20 жоғары оқу орындарының қатарында

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) Қазақстандағы үздік университеттерді анықтады. Рейтингке еліміздің ең көп балл жинаған жетекші университеттері кірді.


Жеңіс күні

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған «Өшпес полк» шеруіне университет оқытушылары мен студенттері қатысты.


Лента

8 мамыр күні университет белсенділері мерекеге орай қала тұрғындары мен қала қонақтарына мерекені сезіндірер ленталарды таратып, керемет көңіл күй сыйлады


«Әлемдік тәжірибемен туған өлкеге» атты онлайн-дөңгелек үстел

2018 жылдың 4 мамырында университетте академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша республикалық және шетелдік жоғары оқу орындарында оқыған және оқып жатқан студенттердің қатысуымен «Әлемдік тәжірибемен туған өлкеге» атты онлайн-дөңгелек үстел өтті. Сондай-ақ, қонақтар келесі оқу жылында осы бағдарлама бойынша оқығысы келетін студенттер болды.


С. Бәйішев ат. АУ профессорлық-оқытушылар құрамының РЕЙТИНГІ

Стратегиялық даму және сапа бөлімі «С. Бәйішев ат. АУ ПОҚ-ның қызметін бағалаудың баллдық-рейтингтік жүйесі туралы» 211.03-2017 СМЖ БЕ сәйкес ПОҚ-ның рейтингін өткізу бойынша (бұдан әрі- Бағдарлама) IT-орталығының ақпараттық бағдарламалық шешімдер бөлімі әзірлеген бағдарлама арқылы университет оқытушылары мен құрылымдық бөлімшелерінің рейтингін анықтау мақсатында ағымдағы жылдың 5-20 мамыр аралығында ПОҚ қызметі мониторингін өткізуді жоспарлайтынын хабарлайды.


«ATYRAU CUP II» республикалық пікірсайыс турнирінен ІІ орын

2018 жылғы 20-24 сәуір күндері Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығының қолдауымен және "Айтыс" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Бопылдықов Асқар Төребайұлын еске алуға" арналған "ATYRAU CUP II" республикалық пікірсайыс турнирі өтті.


Н.Х.Телеуованы еске алуға арналған əйелдер арасындағы волейболдан қала біріншілігі

2018 жылдың 1-2 мамыр күндері Ақтөбе қаласының дене тəрбиесі жəне спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР құрметті спорт қайраткері, доцент Н.Х.Телеуованы еске алуға арналған əйелдер арасындағы волейболдан қала біріншілігі өтті.


«ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОБА» БАЙҚАУЫ

2018 жылдың 10 сәуірі күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің мәжіліс залында әдістемелік қамтамасыздандыру және инновациялық даму бөлімінің ұйымдастыруымен «Үздік әдістемелік жоба» байқауының үшінші кезеңі өтті.


"Жан шуағы" қайырымдылық концерті

2018 жылғы 11 сәуір күні университет ақ залында "Жан шуағы" қайырымдылық концерті өтті. Бұл кеш қазіргі уақытта дилатациялық кардиомиопатия (ДКМП), жүрек жеткіліксіздігі, тахикардия Carpentier бойынша митралды қақпақшаның жеткіліксіздігінің 3-ші типі диагноздары қойылып, Ресейдің Мəскеу қаласына клеткалық терапия арқылы емделуге жол жүргелі отқан М.Оспанов атындағы БҚММУ студенті ЖАҚСЫЛЫҚ АСЕЛЬ МИРАСҚЫЗЫНА арналды. Концерттен түскен қаржы анасына табысталды.


Кездесудің мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметіне әскерге шақыру жөнінде ақпарат беру.

2018 жылғы 29 наурыз күні Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры А.В.Усов барлық факультеттің студенттерімен (ер бала) кездесу ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметіне әскерге шақыру жөнінде ақпарат беру.


«Қара жол» көркем фильмі

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жастарды жалған діни ағымдардан сақтандыру мақсатында, 28 наурыз күні университет ақ залында «Қара жол» көркем фильмі студенттер назарына ұсынылды.


Наурыз – 2018

2018 жылғы 16 наурыз күні университетіміздің ақ залында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Ректордың құттықтау сөзінен кейін мереке түрлі ұлттық ойындармен, викториналық сұрақтармен және концерттік бағдарламамен жалғасты.


ЖАС ДАРЫН-2018

2018 жылғы 16 наурыз күні жоғары оқу орындары мен арнайы оқу орындар арасында Қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен "ЖАС ДАРЫН-2018" ән-би байқауы өтті. Хореография бағыты бойынша "Exclusive" би тобы III-орынға, "НҰР-ШАШУ" би тобы жүлделі II-орынға ие болды. Ән номинациясы бойынша 25 қатысушының арасынан суырылып шығып, БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп алған педагогика факультеті, «педагогика және псиxология» мамандығының 3- курс студенті Доссова Айжан жеңіп алды!


Элективті пәндер каталогы бойынша кеңейтілген мәжіліс

Наурыз айының 16 жұлдызында Университеттің 03.03.2018 жылғы №105-08/01 өкіміне сәйкес 2018-2019 оқу жылына арналған білім беру бағдарламалары бойынша «Элективті пәндер каталогын талдау үшін «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім» кафедрасының кеңейтілген мәжілісі өтті.


«Мәдениетаралық қарым-қатынастың қазіргі заманғы беталыстары: әлеуметтік-мәдени және экономикалық фактор» атты ІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2018 жылдың 13-ші наурызында с. Бәйішев ат. Ақтөбе университетінің ғалымдар, оқытушылар, қызметкерлер және магистранттар тобы Юзефовтағы Альчиде де Гаспери ат. Еуроөңірлік экономика университетімен (Польша) ЖОО аралық ынтымақтастық шеңберінде өткізілген «Мәдениетаралық қарым-қатынастың қазіргі заманғы беталыстары: әлеуметтік-мәдени және экономикалық фактор» атты ІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.


Черноризец Храбр ат. Варна Еркін Университетімен ынтымақтастық

С.Бәйішев ат. Ақтөбе университетінде академиялық ұтқырлық аясында Черноризец Храбр ат. Варна еркін университетінің «Магистрлік бағдарламалар» кафедрасының доценті Буюклиев Николай Петков сабақ жүргізуде.


2018 жылғы 7 наурыз күні жатақхана коменданты мен белсенді студенттері Қарттар үйін 8 наурыз мерекесімен құттықтап, концерттік бағдарлама және сыйлықтарын тарту етті.

2018 жылғы 7 наурыз күні жатақхана коменданты мен белсенді студенттері Қарттар үйін 8 наурыз мерекесімен құттықтап, концерттік бағдарлама және сыйлықтарын тарту етті.


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ - 8 НАУРЫЗҒА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ КОНЦЕРТ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ - 8 НАУРЫЗҒА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ КОНЦЕРТ


"Рухани жаңғыру: тәрбие, білім, жастар" ректор кубогына арналған республикалық пікірсайыс турнирі

2018 жылғы 3-4 наурыз күндері Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдығына және "Атамекен" пікірсайыс клубының 15 жылдығына орай ұйымдастырылған "Рухани жаңғыру: тәрбие, білім, жастар" ректор кубогына арналған республикалық пікірсайыс турнирі өтті. С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің "Айсберг" ЗПК мүшелері белсенді қатысты.


Университеттер студенттері арасында волейболдан қала чемпионаты

Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы 1-3 наурыз күндері ЖОО студенттері арасында волейболдан қала чемпионаты өтті. Жалпы командалық есепте "С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті" қыздар командасы 1 орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз!


С. Бәйішев ат. Ақтөбе университетінің студенттері үшін «Болашақ» шәкіртақысына қатысты сұрақтар бойынша онлайн-брифинг

Ағымдағы жылдың 12-ші ақпанынан 28-ші ақпанына дейін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» ХБО АҚ ресми өкілдері Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің қолдауымен шетелде оқу үшін «Болашақ» шәкіртақы бағдарламасының қағидаларын азаматтарға түсіндіру үшін брифингтер өткізді.


Жігіт сұлтаны - 2018

2018 жылғы 25 ақпан күні Қалалық мәдениет үйінде факультетаралық «Жігіт Сұлтаны–2018» байқауы өтті. Байқауға 8 жігіт қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша педагогика факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс студенті Нұрмағанбетов Мерген жеңімпаз атанды.Экономика және жаратылыстану факультеті, «Қаржы» мамандығының 1 курс студенті Өтеубаев Бекасыл "БРИЛЛИАНТ" сән мектебіне 25.000 теңге көлемінде тегін сертефикатқа ие болды.


ЖОО студенттерінің арасында қол күрестен жекелей командалық қала чемпионаты

2018 жылғы 23 ақпан күні Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен, ЖОО студенттерінің арасында қол күрестен жекелей командалық қала чемпионатында университет спортшылары қатысып, жүлделі оралды.


Дәстүрлі «Болашағымыз бірлікте» II республикалық турнирі

Киелі Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің жанынан құралған «ADC» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 16-18 ақпан күндері Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, ШҚО, Қызылорда, Ақтөбе облысының пікірсайысшылары қатысқан дәстүрлі «Болашағымыз бірлікте» II республикалық турнирі өтті. Турнирге С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің «Айсберг» командасының 5 мүшесі қатысты. Ерекше ойындарымен алғашқы іріктеу күнінің нәтижесі бойынша Таубай Айсұлтан мен Кереева Таншолпаннан құралған фракция 3 іріктеу ойынынан 3 жеңіспен шықты. Екінші күнгі 1\8 финалында Алматылық «UIB» университетінің спикерлерінен оза білді. 1\4 финалда Шымкенттен келген спикерлермен тартысты ойында жеңіліске жетсе де, турнир қорытындысы бойынша Таубай Айсұлтан "Турнир жаңалығы" атағына ие болды және бағалы сыйлықпен марапатталды.


"Қайырымдылық - қадірлі іс" атты қайырымдылық волейбол турнирі

2018 жылғы 17 ақпан күні "Үміт нұры" еріктілер тобының ұйымдастыруымен "Қайырымдылық - қадірлі іс" атты қайырымдылық волейбол турнирі өтті. Салауатты өмір салтын ұстана отырып,қайырымдылыққа да қатар үлес қосқан осы игі шараның қорытындысымен бөлісе кетейік. Турнирге 14 команда қатысты, 14 команданың ішінен озып шығып,ең үздік нәтиже көрсеткен командалар


ЖОО студенттері арасындағы үстел теннисінен жекелей командалық қала чемпионаты

Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы 15 ақпан күні ЖОО студенттерінің арасында үстел теннисінен жекелей командалық қала чемпионаты өтті. Жалпы командалық есепте "С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті" командасы 3 орынды жеңіп алды.


Құрметті студенттер, оқытушылар және қызметкерлер!

2018 жылдың 21-23 ақпан аралығында С. Бәйішев ат. Ақтөбе университетінде Аккредиттеу және Рейтинг Тәуелсіз Агенттігінің комиссиясы (ҚР Білім және ғылым министрлігінің Аккредиттеу органдарының Ұлттық тізілімінде тіркелген) халықаралық стандарттарға сәйкес институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде университеттің қызметін сыртқы бағалау бойынша жұмыс жүргізеді.


Ақтөбе гарнизоны әскери сотының өкілдерімен кездесу

2018 жылғы 9 ақпан күні университет мәжіліс залында Ақтөбе гарнизоны әскери сотының өкілдерімен кездесу өтті. Ақтөбе гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі А.У. Кожина мен бас маман – сот мәжілісінің хатшысы К.Т. Еркебаев, сот жүйесінде жаңа технологиялардың енуі, сот кабинеті, бейнеконференц байланысы, электрондық сот төрелігі туралы ақпаратпен университетіміздің «заң» мамандығында оқитын студенттерді ақпараттандырды. Және халықаралық құқық қорғау орталығы Батыс Қазақстан аймақ филиалының басшысы, кәсіби медиатор С.А.Балпеисова, Ақтөбе өңірінде медиативтік рәсімдерді өткізу туралы жай-күйін кездесу барысында түсіндіріп кетті.


Жұлдызбен жүздесу. «Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдіраимов

13 ақпан күні жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен, университет және колледж студенттерімен «Жұлдызбен жүздесу» кеші өтті. Кеш қонағы «Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдіраимов және Қолғанат пен Гаухар.


Жұлдызбен жүздесу. Айгүл Иманбаева

Университет ақ залында, 9 ақпан күні жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен, университет оқытушылары және студенттерімен «Жұлдызбен жүздесу» кеші өтті. Кеш қонағы Қазақстан эстрадасының әншісі, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Айгүл Иманбаева. Студенттермен ашық әңгіме құрып, актерлық шеберлігімен бөлісті. Кеш соңында репертуарынан бір әдемі әнді шырқап берді.


Дөңгелек үстел

2018 жылғы 9 ақпан күні мәжіліс залда Қазақстан Республикасының президенті Н.А.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына жолдауын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті. «Әлеуметтік-құқықтық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Жұмағазиева Р.Ш. және Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ «әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының меңгерушісі т.б. спикерлер баяндама оқыды.


Қазақ эстрадасында xит әндердің авторы, ақын Оразбек Қинбаев және Ақтөбе қаласының танымал әншісі Арман Жиеналиевпен кездесу

26 қаңтар күні университетіміздің белсенді студенттерінің қазақ эстрадасында xит әндердің авторы, ақын Оразбек Қинбаев және Ақтөбе қаласының танымал әншісі Арман Жиеналиевпен кездесуі өтті.


Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел

2018 жылдың 25 қаңтар университетіміздің ақ залында Қазақстан Республикасының президенті Н.А.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына жолдауын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушысы университетіміздің жастар ісі жөніндегі комитеті және Ақтөбе облысы Жасыл ел жасағы.


Ақпараттық хат

Біз сіздерді «Еуразиялық олимпиадалар мен байқаулар» халықаралық білім беру жобасы аясында 25.12.2017 ж. - 05.30.2018 ж. аралығында Орынбор мемлекеттік университетінің базасында өтетін «Іздеу» жоғары сынып оқушыларының Еуразиялық көпсалалы олимпиадасына қатысуға шақырамыз.


Білім беру қызметін интернационалдау жобасы

2017 ж. 20 желтоқсанында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетіне іссапармен Британдық Кеңес өкілі – Диля Вудвард келді. Сапар мақсаты – қазақстандық жоғары оқу орындарындағы халықаралық қызмет және ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау жобасы аясындағы қысқа мерзімді зерттеу жүргізу.


ҚР Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік жиын

2017 жылдың 15 желтоқсан күні университетімізде ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған мерекелік жиын өткізілді. Еліміздің білім беру жүйесіне қосқан елеулі үлесі үшін университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы және іс-шараларға белсенді қатысып, жақсы көрсеткіштері үшін студенттер университетіміздің ректорының алғыс хатымен марапатталды. Кейін жиын мерекелік концертпен жалғасты.


С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті ректорының кубогіне арналған ЖОО студенттері арасында пікірсайыс турнирі

9 желтоқсан күні С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің "Айсберг" зияткерлік пікірсайыс клубының 1 жылдығына орай, С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті ректорының кубогіне арналған ЖОО студенттері арасында пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге 40 фракция тіркелді.


Researcher Connect

2017 жылдың 5-7 желтоқсан аралығында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің ZEREK технопаркіндеқұрылған Кәсіби даму мен ықпалдастық орталығында (Professional Development and Engagement Centre, British Council) үкіметаралық қазақстандық-британдық «Ньютон-Аль-Фараби» бағдарламасы аясында зерттеушілердің біліктілігін арттыру бойынша Researcher Connect тренингі өтті.


Университет командасы (әйелдер) волейболдан І орынды жеңіп алды

2017 жылдың 7-8 желтоқсан аралығында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және «Динамо» ДШСҚ ҚБ күніне орай, Ақтөбе қаласының жоғары оқу орындары арасында волейболдан спартакиада өтті. Жарысқа 4 команда қатысты.


Ресейдің Уфа қаласында түркі халықтарының мәдениеті мен тілінің халықаралық жастар фестиваліне қатысу

2017 жылдың 28 қарашасынан 3 желтоқсаны аралығында университеттің студенттік делегациясы Уфа қаласында түркі халықтарының мәдениеті мен тілінің халықаралық жастар фестиваліне қатысты.


Университет командасы (ер) волейболдан І орынды жеңіп алды

2017 жылдың 4-6 желтоқсан аралығында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және «Динамо» ДШСҚ ҚБ күніне орай, Ақтөбе қаласының жоғары оқу орындары арасында волейболдан спартакиада өтті. Жарысқа 4 команда қатысты. Сайтбеков Н.Д. және Исаев М.Е. жетекшілігімен С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің командасы І орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз!


EcoGid Aktobe

Қараша айының 14 жұлдызында 2017 ж «EcoGid Aktobe» экологиялық еріктілер клубының ашылу салтанаты болды. Клубтың ашылу мақсаты: Ақтөбе қаласын экологиялық таза қалалардың қатарына енгізу. Міндеттері: 1. Халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру; 2. Мекемелер, жоғары оқу орындары және басқа да оқу орындарында (балабақша, мектеп, колледж және т.б.) түсіндіру жұмыстарын жүргізу; 3. Ақтөбе мектептерімен келісім-шарт жасасып, қоршаған ортаны қорғау тақырыбында атпалықтар ұйымдастыру. Клубымыздың ашылу салтанатына келген студенттер, яғни қонақтарымыз өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарды қойып, ақпаратпен алмасы.


Становление и средства актуализации концепта «NOBILITY» в британской лингвокультуре

2017 жылдың 5 желтоқсанында «Білім беру кеңістігін интернационализациялау» халықаралық зертханасының кеңейтілген отырысында мамандығы 10.02 .04 – герман тілдері мамандығы бойынша филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін Күзембаева Гүлжан Айтжанқызының «Становление и средства актуализации концепта «NOBILITY» в британской лингвокультуре» тақырыбындағы кандидаттық диссертация талқыланды. Жұмыстарды қорғау Самарада (Ресей) жоспарлануда.


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған футзал бойынша турнир

6 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған университет пен колледж оқытушылары мен қызметкерлері арасында футзалдан турнир өтті. Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынды колледж оқытушылары алды. Екінші орынды өндірістік бөлім қызметкерлері иеленді. Университеттің техникалық қызметкерлер командасы турнирдің жеңімпазы болып, екінші жыл қатарынан ауыспалы кубокқа ие болды жеткізілді. Барлық жүлдегерлерге бассейнге тегін кіруге арналған дипломдар мен сертификаттар берілді.


Тұңғыш Президент күніне арналған флешмоб

29 қараша күні университет ауласында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай флешмоб өткізілді


«Студенттердің кәсіптік оқыту сапасын арттыру шарты ретінде жоғары мектепте пәнаралық интеграция» тақырыбында онлайн семинар-тренинг

24 қарашада С. Бәйішев ат. Ақтөбе университеті және С.Сейфуллин ат.Қазақ агротехникалық университеті базасында «Студенттердің кәсіптік оқыту сапасын арттыру шарты ретінде жоғары мектепте пәнаралық интеграция» тақырыбында ғалымдар мен оқытушылар үшін онлайн семинар-тренинг өтті.


«Университет Аруы - 2017»

2017 жылдың 23 қараша күні «Университет Аруы - 2017» байқауы өтті. Кастинг қорытындысы бойынша байқауға 16 ару қатысты.


Оқытушылар мен қызметкерлер арасында КВН

Халықаралық студенттер күніне арналған оқытушылар мен қызметкерлер арасында КВН


«МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ САЛАСЫНДА ҰЛТТЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: БҮГІНГІ АХУАЛ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

ЖШС «Технопарк» директорының орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Алдамжаров Нұрлан Нұрмашұлы 2017 жылдың 16 қарашасында Атырау облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткен «МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ САЛАСЫНДА ҰЛТТЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: БҮГІНГІ АХУАЛ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырылды.


Студенттер күніне арналған «Жалынды жастық шақ» атты іс-шара

2017 жылдың 17 қарашасында С.Бәйішев ат. университет жатақханасында іс-шара техникалық факультеті студенттерінің қатысуымен «Жалынды жастық шақ» атты студенттер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Шара ұйымдастырушы техникалық факультет кураторларының төрағасыТоқсанбаева Б.А.


«Мемлекеттік қызмет кадрларын дайындау: әріптестік және практикалық бағыт» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2017 жылдың 13 қарашасында университет конференц-залында «Мемлекеттік қызмет кадрларын дайындау: әріптестік және практикалық бағыт» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция барысында мемлекеттік қызмет мәселелері, сыбайлас жемқорлық және т.б. туралы түрлі баяндамалар оқылды. Конференция соңында біздің университет пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті арасында Әріптестік туралы Меморандумға қол қойылды.


«Латынды қолда» республикалық ақпараттық тобы мүшелерімен кездесу

2017 жылдың 10 қараша күні уиверситетіміздің конференц-залында латын әліпбиін түсіндіру жөнінде республикалық ақпараттық топ мүшелері саясаткерлер мен қоғам белсенділері, танымал блогерлер Ерлан Саиров, Ғалым Байтұқ, Амиржан Қосанов және Қанат Әуесбаймен кездесу өтті.


Қарттар үйі

2017 жылдың 10 қараша күні университетіміздің белсенді студенттері «Қарттар үйіне» кездесуге барды. «Қарттар үйінің» акт залында қарттар мен мүгедек жандарға сыйлықтар табысталды. Кездесу студенттердің концерттік бағдарламасымен аяқталды.


Алғыс хат

Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің ректоры Агзамова А.Б. 2016 жылдың 26 ақпанында «Тұран-Астана» университетінде өткізілген “ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ИННОВАЦИЯҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ” атты VII-дәстүрлі ЖОО-аралық жас ғалымдардың, магистранттардың, студенттердің ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, «Тұран-Астана» университеті ректорының алғыс хатын иеленді.


«Флорология» тақырыбында онлайн-семинар

2017 жылдың 10 қарашасында Алтай мемлекеттік университетімен (Барнаул) «Флорология» тақырыбында онлайн-семинар өткізілді...


Ә. Асаровтың магистранттарға арналған «Ғылым философиясы. Терминологиялық шағын сөздік» атты еңбегі жарық көрді.

2017 жылдың тамыз айында С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті ғылыми кеңесінің шешімі бойынша фс.ғ.д., профессор Ә. Асаровтың «Ғылым философиясы. Терминологиялық шағын сөздік» жарық көрді.


«Алаш және рухани жаңғыру идеясы» дөңгелек үстел

2017 жылдың 2 қараша күні Әлеуметтік және тәрбие орталығы және «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы бірлесіп Алаш партиясының 100 жылдық мерей тойына орай «Алаш және рухани жаңғыру идеясы» атты дөңгелек үстел өткізді.


М.Бөкенбаев атындағы заң институтының қызметкерімен кездесу

2017 жылдың 2 қараша күні университетіміздің Ақ залында Әлеуметтік және тәрбие орталығының ұйымдастыруымен 4 курс студенттерінің М.Бөкенбаев атындағы заң институтының қызметкерімен кездесуі өтті.


«Мен Ақтөбені таңдаймын» атты облыстық жастар шарасы

2017 жылдың 1 қараша күні біздің университетіміздің студенттері Ақтөбе облысы әкімінің қатысуымен өткен «Мен Ақтөбені таңдаймын» атты облыстық жастар шарасына қатысты.


«Серпін» жобасы жастарының Республикалық көшбасшылар лагері

2017 жылдың 24-26 қазан аралығында Щучинск қаласы «Discovery-Бурабай» сауықтыру лагерінде «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»- «Серпін» әлеуметтік жобасы студент жастарының Республикалық көшбасшылар лагері ұйымдастырылды. Аталған лагерь студент жастардың көшбасшылық, кәсіпкерлік қасиеттерін және бизнес жоспарлау дағдыларын дамыту сондай-ақ жастарды мәдени-тарихи орындармен таныстыру мақсатында өткізілді. Университетімізден «Серпін» әлеуметтік жобасымен білім алатын белсенді студенттер Сейтқалиева Ж.С., Жакыпова Н.А., Шайзінда Т.Д. қатысып келді.


"Алаш" студенттік театрына 2 жыл

2017 жылдың 30 қазан күні «Алаш» студенттік театрының құрылғанына 2 жыл толуына арналған салтанатты шара өтті. Көрерменге С.Сматаевтың «Көгілдір такси» атты қойылымын тарту етті.


Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ ректоры кубогына арналған облыстық пікірсайыс турнирінен БАС ЖҮЛДЕ

2017 жылдың 21 қазан күні, Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, ф.ғ.д., профессор Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлының кубогына арналған облыстық пікірсайыс турнирінің жастар финалы өтті. Бас жүлдені университетіміздің «Айсберг» пікірсайыс клубының мүшелері Қайрат пен Индира иеленді. Құттықтаймыз!


Мәртөк балалар үйі

2017 жылдың 21 қазанында жатақхананың студенттік кеңес мүшелері Мәртөк балалар үйіне барды.


Пресс-релиз

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде 19.10.2017 сағат 12.00-де Профессор, тіл жанашыры, педагог-ғалым, қоғам қайраткері Ниетжан Берікұлының 90 жасқа толуына орай «Өмірімнің хикметтері» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті. Аталмыш шараға университет ректоры, э.ғ.к. Ағзамова А.Б., ағайдың әріптестері қатысты.


Студент қатарына қабылдау

2017 жылдың 19 қазанында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде «Студент қатарына қабылдау» мерекелік шарасы өтті. Құттықтау сөзден соң факультет декандары топ старосталарына студенттік билет және сынақ кітапшаларын салтанатты түрде табыс етті. Студенттер ант қабылдаған соң студенттік гимн «Гаудеамусты» шырқады.


Иранда С.Бәйішев ат. Ақтөбе университеті мен Горгандық ауыл шаруашылық ғылымдары мен табиғи ресурстар университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

С. Бәйішев ат. Ақтөбе университеті Горгандық ауыл шаруашылық ғылымдары мен табиғи ресурстар университетімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, (Горган қ., ректор:: PhD, профессор Ali Najafinejad). Ынтымақтастық туралы келісімге С. Бәйішев ат. Ақтөбе университетінің президенті, философия ғылымдарының докторы, профессор Бекежан Аханның Иранға іссапары барысында қол жеткізілді.


«Құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілік»

2017 жылдың 12 қазан күні университет конференц-залында Әлеуметтік және тәрбие орталығының ұйымдастыруымен «Құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» тақырыбында «Ақтөбе Дамуы» қоғамдық қорының директоры Қадырова Жанна Адильхановна және М.Бөкенбаев атындағы заң институтының «Әкімшілік құқық және ІІО-ның әкімшілік қызметі» кафедрасының доценті, полиция подполковнигі Оразалин Нұрлан Қаржаубайұлымен кездесу өтті.


Springer Nature Awards

Zerek Технопаркінің ғылыми зертханасының меңгерушісі, профессор Кайракбаев Аят Крымович «Технология саласындағы Қазақстанның ең көп мақала жариялаған ғалымдары»номинациясы бойынша Springer Nature Awards марапатталды


Факультетаралық волейболдан турнир

2017 жылдың 14 қазанында "Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында факультетаралық волейболдан турнир ұйымдастырылды.


2017 жылдың 13 қазанында университетіміздің студенттері Республикалық «Менің атаулы ағашым» ағаш отырғызу акциясына белсене қатысты.

2017 жылдың 13 қазанында университетіміздің студенттері Республикалық «Менің атаулы ағашым» ағаш отырғызу акциясына белсене қатысты.