АКТЮБИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ им.С.БАИШЕВА

МИССИЯ УНИВЕРСИТЕТА – подготовка высококвалифицированных, конкурентоспособных,
социально-ответственных кадров для инновационного развития экономики Казахстана

Хабарландырулар

Прагадағы жазғы мектеп 2018

Бұл жазда Прагада қарқынды ағылшын тілі!


Құрметті студенттер, оқытушылар және қызметкерлер!

2018 жылдың 21-23 ақпан аралығында С. Бәйішев ат. Ақтөбе университетінде Аккредиттеу және Рейтинг Тәуелсіз Агенттігінің комиссиясы (ҚР Білім және ғылым министрлігінің Аккредиттеу органдарының Ұлттық тізілімінде тіркелген) халықаралық стандарттарға сәйкес институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде университеттің қызметін сыртқы бағалау бойынша жұмыс жүргізеді.


Польшаға академиялық ұтқырлық туралы хабарландыру

2017-2018 оқу жылының екінші жартысында алыс шетелдерде С.Бәйішев ат. АУ профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері, магистранттары мен студенттерінің академиялық ұтқырлық бағдарламасы.


ҚҚЭУ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті С.Бәйішев атындағы АУ студенттерін 10.01.2018 ж -20.01.2018ж. аралығында «Қысқы мектеп - 2018» жұмысына қатысуға шақырады. Келесі мамандықтар бойынша:


ДААД

DAAD неміс академиялық алмасу қызметі - студенттер мен ғылыми қызметкерлердің халықаралық алмасуларын қолдайтын әлемдегі ең ірі ұйым. DAAD орталық кеңсесі Бонн қаласында (Германия) орналасқан. DAAD студенттер мен ғалымдардың академиялық алмасуын ұйымдастырады және қаржыландырады, неміс тілін және неміс тілін үйренуін қолдайды, Германияда зерттеу және зерттеу жүргізу мүмкіндіктері туралы хабарлайды, сондай-ақ неміс университеттерінің интернационалдығын және беделдігін арттыруға көмектеседі. DAAD әлемде 15 шетелдік өкілдіктері мен 55 ақпараттық орталықтары бар.


Kazakhstan Spelling Bee

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! АҚШ елшілігі қазақстандық студенттерге арналған 2-ші жыл сайынғы байқау - Kazakhstan Spelling Bee өткізеді (ағылшын сөздерін әріптермен айту). Конкурсқа университеттер мен колледждердің 18-25 жас аралығындағы студенттері қатыса алады.


НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Техникалық мамандықтардың студенттік тағылымдамалары бойынша Халықаралық қауымдастықтың (IAESTE) Ұлттық комитеті 2018 жылғы жазғы кезеңге оқытылатын мамандық бойынша шетелде кәсіби тәжірибе алуды қалаушылар үшін студенттерден өтінімдер қабылдауды бастайды.


ENACTUS студенттік қозғалысы командаға студенттерді қабылдайтынын жариялайды !!!

ENACTUS студенттік қозғалысы командаға студенттерді қабылдайтынын жариялайды !!!


Қазақстан IAESTE

Инженерлік мамандықтардың (IAESTE) студенттерін алмастыру бойынша Халықаралық қауымдастық студенттік демалыстар кезінде шетелдік және қазақстандық кәсіпорындарда тағылымдамадан өту арқылы кәсіби қабілетті жетілдіру мүмкіндігін алуда техникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне жәрдемдесетін үкіметтік емес қоғамдық ұйым болып табылады.


С.Бәйішев ат. Ақтөбе университеті корей тілінің курстарын оқуға ниет білдірушілерді қабылдайтындығы жөнінде жариялайды!

Сабақтарды «Отырар Education» ЖШС-нің қолдауымен Корея Республикасының Алматыдағы Елшілігінің Корей білім беру орталығының еріктілері өткізеді.


Германияда тегін тағылымдамаға қатысуға шақырамыз!

Құрметті «Аударма ісі», «Шет тілі: екі шет тілі», «Педагогика және психология», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие», «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының студенттері, сонымен қатар «Филология», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының магистранттары ИКаРуС Инновациялық білім беру орталығында тағылымдамадан өту мүмкіндігін пайдаланыңыз (Гюстров қ., Германия).


Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық шәкіртақысы аясында оқу

С. Бәйішев ат. АУ түлектерінің, магистранттарының және докторанттарының назарына! «Болашақ» халықаралық шәкіртақысының ресми әкімшілігі, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Білім және Ғылым Министрлігінің тапсырмасы бойынша Қазақстан азаматтарының шетелде тегін оқу мүмкіндіктерін кеңейтуді, түрлі халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асырады, оның ішінде, үкіметарлық келісім аясында, қазхақстандық студенттерді шетелдік жоғары оқу орындарына бөлуге жағдай жасайды.


«Жас өркен» тағылымдамалар бағдарламасы

«Самрұқ-Қазына» АҚ «Самрұқ-Қазына» корпоративтік университетімен» бірлесе 2017 жылы бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындарын бітірген түлектерді «Жас өркен» тағылымдамалар бағдарламасына қатысуға шақырады.


ТҮМЕНДІК ИНДУСТРИАЛДЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕ МАГИСТРЛІК БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША ОҚУ

Түмендік индустриалдық университет жаңа білім беру бюағдарламаларымен танысуды ұсынады. «Теңіздік бұрғылау» және «Геонавигация» магистрлік бағдарламалары бойынша оқу Түмендік индустриалдық университетінің геология және мұнай-газ шығару Институтының «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» кафедрасы жанынан 2017 жылы қыркүйекте басталады.


УДМУРТ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ МОБИЛЬДІК

Удмурт мемлекеттік университеті – Удмуртияның ірі ғылыми-білім беру орталығы, оның құрылуымен 1931 жылы республиканың жоғары білім беру тарихы басталды. 2011 торқалы жылы УдМУ-де 100-мыңдық түлектерге диплом берілді. 2012 жылдың күзінде университет «Кәсіби білім беру оқу орындарының түлектерін даярлау сапасының жүйесі» Бүкілресейлік байқауының дипломанты атанды және Ресейдің тиімді ЖОО рейтингіне енді.


М.Ақмолла ат. Башқұрт Мемлекеттік Педагогикалық университеті

Аталмыш бағдарлама серіктес-ЖОО бағдарламасы бойынша оқыту курстарынан өту жөніндегі анықтама/сертификат және базалық ЖОО білімі жөніндегі құжат немесе әр ЖОО мемлекеттік үлгідегі білімі жөніндегі құжатын алу және оқыту курстарынан өткісі келетін бакалавриат және магистратура студенттеріне арналған.


ЕКІ ДИПЛОМ БАҒДАРЛАМАСЫ

Еуроөңірлік экономика университеті (кейін WSGE) 2002 ж. 18 қарашасында Польша спорт және білім беру министрінің қаулысына сәйкес негізін қалады және барлық білім беру деңгейлерінде оқуды ұсынады: бакалавриат, магистратура, бакалавр-инженер, бизнес – басқару курстары (МВА), дипломнан кейінге дайындық, сонымен қатар арнайы тренингтер мен курстар.


БАЛТИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫНА АКАДЕМИЯЛЫҚ МОБИЛЬДІЛІК

Балтия халықаралық академиясы (БХА) 4500 студент, оның ішінде академиядағы мультимәдениетті ортаны құрайтын әлем және Еуропаның 22 елінен 450-ден астам шетел студенттері оқитын Латвиядағы (1992 ж. құрылған) ең ірі жеке жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Дәрістерді 200 – штаттық оқытушылар оқиды, оның ішінде 100 ғылым докторлары мен профессорлары.


АНТАЛИЯДАҒЫ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫНДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДАМА

Анталиядағы Туризм Академиясы – бұл орыс және ағылшын тілдерінде оқытатын, Түркия Білім беру Министрлігінің лицензиясы және Америкалық қонақ үйлер Қауымдастығының Білім беру Институтының аккредитациясы бар шетелдік жалғыз оқу орны. Академия шетелде білім беру сапасының ең жаңа халықаралық стандарттары бойынша жұмыс істейді және орыс және ағылшын тілдерінде оқытатын негізгі бағыттарда «Hotel Management», «Tourism Management», «Food and Beverage Management», «Economy in Tourism and Catering» еуропалық және америкалық бағдарламалар бойынша мамандар шығарады.