АКТЮБИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
им.С.БАИШЕВА

“Наша цель - качественное образование”
20 причин для того, чтобы учиться в университете им. С. Баишева
  • Республика Казахстан,
    г. Актобе,
    ул. Бр. Жубановых, 302а
  • 8 (7132) 51-15-96
    Приемная комиссия

Түлектер Ассоциациясы

Оқу, жұмысқа орналасу, мансап, молшылық – бұл алға қойылған мақсатқа жетудегі басымдықтар

 Н.А.Назарбаев

 

 МИССИЯ

 С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті айналасында университет дәстүрін қадір тұтатын, университетке әрдайым кәсіби істің, адамгершіліктің, білімдарлықтың символы ретінде қарайтын, университеттің толық және жан жақты дамуына әрекет ете алатын,   сыбайластардың бірігуі, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешудегі түлекердің интеллектуалды, іскери және шығармашылық әлеуетін нығайтуды біріктіру, сонымен қатар түлектердің өмірде және тәжірибелік әрекетінде кездесетін мәселелердің тиімді шешімін табу үшін, университеттің стратегиялық дамуына әрекет етуде, түлектердің жұмысқа орналасу мне мансабының өсуін бақылау.

  

АССОЦИАЦИЯ ЖӨНІНДЕ 

Қымбатты С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің түлектері!

 Әр университеттің өз бет-бейнесі болады. Бұл тек ғылым, ғылыми жетістік пен білім беру дәстүрі ғана емес. Университеттің бет-бейнесі – бұл, бәрінен бұрын, адамдар. Осы жоғары оқу орнын аяқтаған, осында жұмыс жасаған, ең бастысы университетті түсінетін адамдар. Әр университеттің ондаған мың түлектер, қызметкерлердің, студенттердің және жоғары оқу орны дәстүрінің қуат синтезінен құралған өз энергетикасы болады. Жоғары оқу орнының жетістіктері – студенттік жылдар мен студенттік достық біріктіретін түлектердің жетісітіктері.

         Әр адамның өмірінде сүйіспеншілікпен, жүректегі жылумен есте сақтайтын кезең болады. Бұл университетте өткізген кезең. Бұл түрлі жағдайлар мен оқиғаларға толы жылдар... Әуелгі кезден-ақ оқу орнында тәрбиеленгендер кәсіби өмірге жолдама алған, ортақ almamater-де бірлескен адамдардың туыстығын құрайды екен. Университеттің түлектерге беретін үлкен білім қорымен қатар адамдар арасында университет қабырғасында бірге өткізген жылдар бойы қалыптасып өмір бойы қалатын қарым-қатынас биік құндылыққа айналады.

         Сіздер университетті әр түрлі жылда аяқтадыңыздар: біреулеріңіз жақында, ал енді біреулері бірнеше жылдар бұрын. С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде оқыған жылдарда сіздер алғашқы курстардан бастап жастық шақтан кемелденген тұлғаға дейін үлкен жолдан өтесіз. Осы жолды рақаттана еске аласыздар, себебі бұл жастық шақтың ең қызықты сәттері.

         Сіздер университетке республикамыздың әр түрлі жерлерінен келдіңіздер. Сіздерді университеттің жарық аудиториялары, дәрістер мен емтихандар, берік достық, өз салаңыздың кәсіби шебері болуыңызға, еліміздің дамуына үлес қосуға барын беретін оқытушылар біріктіреді.

         Үнемі өзгеріс үстіндегі әлемде еңбек және қызмет нарығына кіретін мамандарға қойылатын талаптар да өседі. Біздің университет әрқашан да өз түлектерімен кәсіби біліктілігін арттыруда, қосымша білім алуда, жан жақты өзара тиімді байланысты дамытуда жемісті ынтымақтастыққа дайын.

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті 20 жыл бойы Қазақстан экономикасының түрлі салаларында кадр, элита қалыптастыруда. Біз түлектерімізбен мақтанамыз, және сіздермен байданыс орнату үшін осы жылы түлекерге университетпен іскери және мәдени ынтымақтастығын дамытатын «Түлектер ассоциациясы» жасалды.

Almamater есігі сіздерге әрқашан да ашық! Сіз енді біздің студент болмасаңыз да, біздің түлектеріміз болып қала бересіз!

 Ұран: БІЗ БІРГЕ МЫҚТЫМЫЗ!

 

Құрметті түлектер, университетке қош келдіңіздер!

Сіздер туралы әрбір жаңалық біз үшін қымбат және қажет.

Сіздерді ынтымақтастыққа шақырамыз!

Түлектердің Ассоциация кеңесі

Өзіңіз жайында 8 701 800-55-28 нөміріне хабарлаңыз немесе edu_ausb@mail.ru электронды поштаға жазыңыз

Ізгі ниетпен:  Кайралапина Алмагуль Жаскайратовна   /Тәжірибе және түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету менеджері/