Баишев Университет

SUR-PLACE стипендиясы

Конрад Аденауэр атындағы қор 5 ай мерзімге берілетін Sur-Place жергілікті стипендиясына байқау жариялайды.

Қазақстанның жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын және байқау іріктеуінен өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қордың стипендиаты бола алады. Байқау іріктеуі кезінде басымдық еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысатын, белсенді өмірлік ұстанымы, кең ой-өрісі мен мақсаттылығы бар студенттерге беріледі. Шет тілін білу құпталады, бірақ міндетті емес.

Қор және осы бағдарлама туралы толық ақпаратты ресми сайтынан алуға болады, сондай-ақ ХБ және АкМ бөліміне, 423 кабинетке келуге болады.

Біз Сіздердің байқауға қатысуларыңызға қуаныштымыз және сіздерге сәттілік тілейміз!