С. Бәйішев атындағы
Ақтөбе университетi

“Біздің мақсатымыз - сапалы білім”
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде оқу үшін 20 себеп
  • Қазақстан Республикасы,
    Ақтөбе қаласы,
    Ағ.Жұбановтар к-сі, 302а
  • 8 (7132) 51-15-96
    Қабылдау комиссиясы

Студенттік өмір

1 курс студенттерімен жалпыуниверситетттік жиналыс

2017 жылдың 12-қыркүйегінде университетіміздің Ақ залында 1 курс студенттерімен жалпыуниверситетттік жиналыс өткізілді.


Дөңгелек үстел «Болашаққа қадам»

2017 жылдың 14 қыркүйегінде университет конференц-залында Әлеуметтік және тәрбие орталығының ұйымдастыруымен «Ақтөбе облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен» бірлескен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Болашаққа қадам» атты дөңгелек үстел өтті.


«Кел, достар, танысайық»

2017 жылдың 9-қыркүйегінде университет жатақханасында «Кел, достар, танысайық» атты 1-курс студенттерінің танысу кеші өтті. ҚР Әнұраны орындалғаннан кейін университет туы салтанатты түрде 1-курс студенттеріне табыс етілді. Кеш ән, би және сайыстардан құралған концерттік бағдарламамен аяқталды.


Жазғы фестиваль Үлкен кубок

Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткен «Жазғы Үлкен Кубок» Жайдарман фестивалінде университетіміздің «С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті құрамасы» командасы өнер көрсетіп, чемпион атағын жеңіп алды.


Қазақстан Республикасының президенті Н.А.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»атты мақаласын талдау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

2017 жылдың 5 қыркүйегінде университетіміздің конференц залында Қазақстан Республикасының президенті Н.А.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»атты мақаласын талдау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушысы университетіміздің жастар ісі жөніндегі комитеті және Ақтөбе облысы Жасыл ел жасағы.


2017 жылдың 2-қыркүйегінде университетімізде Білім күніне арналған салтанатты шара өтті.

Университет президенті Ахан Бекежан Аханұлы және университет ректоры Агзамова Алия Бекежанқызы бірінші курс студенттеріне құттықтау сөз сөйледі.


Облыстық дебаттық турнирдің жеңімпаздары

Қараша айының 19-ы күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінде АӨМУ ректорының кубогіне облыстық дебаттық турнир өтті. Біздің университетіміздің «Айсберг» дебатерлер командасы турнир жеңімпаздары атанды.


«Бәйішев жастары» КТК командасы

Қараша айының 20-ы күні Ақтөбе қаласында Ақтөбе облыстық Премьер лига біріншілігінің финалдық бәсекесі өтті. Турнирге қатысқан жиырма команданың ішінен біздің университетіміздің «Бәйішев жастары» КТК командасы 3-ші орынды иеленді.


«Қорғаудағы балалық» флешмобы

2016 жылдың 18-қарашасында университетіміздің белсенді студенттері «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанының шеңберінде, С.Бәйішев ескерткішінің жанында «Қорғаудағы балалық» атты флешмоб өткізді.


«Шылым шегудің адам өміріне зияны» семинар-тренингі

2016 жылдың 17-қарашасында университетіміздің конференц-залында Әлеуметтік және тәрбие орталығы, № 6 қалалық емхана психологтарымен бірлесіп «Шылым шегудің адам өміріне зияны» атты семинар-тренинг өткізді.


Жасыл ел XII-ші еңбек маусымының Республикалық жабылуы

2016 жылдың 10-11 қараша күні аралығында әлеуметтік және тәрбие орталығының инструкторы Амирова А.Б. бастаған студенттер тобы Орал қаласында өткен Жасыл ел XII-ші еңбек маусымының Республикалық жабылу салатанатына қатысып келді.


Танымал әнші Ғаділбек Жанаймен кездесу

2016 жылдың 10-қарашасында университетіміздің Ақ залында Халықаралық студенттер күніне арналған танымал әнші Ғаділбек Жанаймен шығармашылық кездесуі өтті.


Жастар терроризмге қарсы

2016 жылдың 10 қараша күні университетіміздің Ақ залында «Жастар терроризмге қарсы» атты семинар өтті.


Қарттар үйі

2016 жылдың 8 қараша күні университетіміздің жатақхана студенттері «Қарттар үйіне» кездесуге барды.


Мәртөк балалар үйі

2016 жылдың 2 қарашасында жатақхана студенттері Мәртөк балалар үйіне барды. Студенттердің ұйымдастырған концерттік бағдаралмасынан кейін балаларға сыйлықтар таратылды.


«Ақтөбе жемқорлыққа қарсы»

2016 жылдың 4 қараша күні университетіміздің студенттері «Ақтөбе жемқорлыққа қарсы» атты қалалық флешмобқа белсене қатысты.