Baıshev Ýnıversıtet

Университет Миссиясы – Қазақстан экономикасын инновациялық бағытта дамыту үшін жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары мамандарды даярлау

Стратегиялық даму және сапа бөлімі

Калаганова Нурсулу Кыдыровна, экономика ғылымдарының кандидаты,
Стратегиялық даму және сапа бөлімінің басшысы

 Стратегиялық даму және сапа бөлімі стратегияны қалыптастыруға ықпал етеді, мониторингті ұйымдастыруды, аккредиттеу және аккредиттеуден кейінгі бақылауды үйлестіреді, сапа менеджменті жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және университеттің рейтингтік позицияларын және жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларын жақсартуға ықпал етеді.

Стратегиялық даму және сапа бөлімінің негізгі міндеттері:

 

- білім беру қызметінің басым бағыттарын есепке ала отырып, университет стратегиясын қалыптастыру;

- білім беру қызметтері, сапа менеджменті жүйесінің сапасын қамтамасыз ету мәселелерін анықтау және болжау;

- университет қызметінің және рейтингтік позицияларының тиімділігін арттыру.

Бөлім өз алдына қойған басты мақсатын іске асыруды келесі міндеттерді орындау арқылы жүзеге асырады:

- университеттің стратегиялық даму жоспары мен стратегиясын әзірлеу және іске асыру процесін үйлестіру және іске асыру сатыларының мониторингі;

- С.Бәйішев ат. АУ-нің сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарын әзірлеу мен іске асыру процестерін үйлестіру;

- университеттің сапа менеджменті жүйесінің қызмет ету және жетілдіру процесстерін басқару;
- университеттің білім сапасын анықтау мақсатында білім беру процесінің мониторингі, мониторинг әдіснамасын жетілдіру;
- ақпараттың жиналуы, университеттің күшті және әлсіз жақтарын талдау, сондай-ақ оның сыртқы және ішкі ақпарат негізінде оның әлеуетін талдауды қоса алғанда, қоршаған ортаны талдау;
- университеттің сапасын бағалау процесін, АРТА мәртебесі мен белгіленген стандарттарына сәйкестігі үшін білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру.
- бағдарламалар мен даму стратегияларын жүзеге асыруды бақылау, нәтижелерді бағалау және есеп құру.
 
Стратегиялық даму және сапа бөлімінің құрамына бөлім басшысы, аккредиттеу бойынша жетекші маман, білім беру сапасы мониторингі бойынша жетекші маман және сапа менеджменті жүйесінің жетекші маманы кіреді.