С. Бәйішев атындағы
Ақтөбе университетi

“Біздің мақсатымыз - сапалы білім”
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде оқу үшін 20 себеп
  • Қазақстан Республикасы,
    Ақтөбе қаласы,
    Ағ.Жұбановтар к-сі, 302а
  • 8 (7132) 51-15-96
    Қабылдау комиссиясы

Сапа менеджмент жүйесі

ҚР СТ ISO 9001-2016 СМЖ сәйкестік сертификаты

С. Бәйішев ат. Ақтөбе университеті ҚР СТ ISO 9001-2016 жаңа нұсқасы бойынша сәйкестік сертификатын алу үшін «Ұлттық сараптама және сертификаттау» АҚ Ақтөбедегі филиалының сертификатталған компаниясының сапа менеджмент жүйесінің сертификатталған аудитінен сәтті өтті.

2017 жылдың 21 қыркүйегінде С. Бәйішев ат. Ақтөбе университеті ҚР СТ ISO 9001-2016 сәйкестік сертификатын иеленді 2016 (ISO 9001:2015 халықаралық стандарт) KZ. Q.01.03.18 КСС № 0058809.

Алғаш рет С. Бәйішев ат. Ақтөбе университеті нөмірі KZ1510176.07.03.002 ҚР СТ ИСО 9001: 2004 сапа менеджмент жүйесіне сәйкестік сертификатына 2005 жылы ие болды.

Сапа менеджментінің ҚР СТ ISO 9001-2016 талаптарына сәйкестік ISO 9001 сепртификаты өнімдер, жұмыстар мен қызметтерде өндірілетін сапа менеджмент жүйесінің тиімді қызмет ететінін растайтын құжат болып табылады.

Сәйкестік сертификаты университет беделін күшейтіп, жаңа іскер серіктестерді тартады, тауарлар, халықаралық нарыққа шығу және ұсынылатын қызметтерді әзірлеу мен жеткізу бойынша әр түрлі мемлекеттік байқаулар мен тендерларға қатысудың нақты мүмкіндігін қамтамасыз етеді, оның тұрақты дамуға бағытталған қызметінің нәтижесін арттырады.

Сәйкестік сертификатының артықшылықтары:

- Университет беделін аттыру;

 - Университет өнімдерінің және ұсынатын қызметтерінің жаңа тұтынушыларын тарту;

 - Барлық өндірістік және кәсіпкерлік-үрдістердің халықаралық стандарттарға сәйкестігі;

 - Байқаулар мен тендерлар барысында бәсекелестік артықшылықтың болуы, өте тиімді шарттармен ірі мемлекеттік тапсырыстар алу мүмкіндігі;

 - Жұмысты жоспарлау үрдістерін оңтайландыру арқасында жұмыстың тиімділігі; 

- Адами және материалдық ресурстарды ғана емес, сонымен қатар білімді, байланысты басқару; 

- Университет даму қарқынын тездету.