Baıshev Ýnıversıtet

Университет Миссиясы – Қазақстан экономикасын инновациялық бағытта дамыту үшін жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары мамандарды даярлау

Тәжірибе және жұмысқа орналастыру

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде тәжірибе мен жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру 

Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің тәжірибені ұйымдастыру туралы Ережесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №107 «Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде құрастырылды.

Тәжірибе студенттердің таңдаған бағыты немесе мамандығы бойынша біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру үшін жүргізіледі.

Студенттердің тәжірибеден өтуі С.Бәйішев атындағы АУ оқу бағдарламасының негізгі құрамдас бөлшегі болып табылады.

Тәжірибенің оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етілуі, еңбекті қорғау, тәжірибе базаларының жағдайы ректордың бұйрығымен бекітілген арнайы комиссияның бақылауында болады.

Тәжірибе мәселелерінің тиімді шешілуі оқу орнымен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастық туралы шарттарының негізінде жүзеге асырылады.

Соның ішінде өндірістік тәжірибе болашақ мамандардың жоғары деңгейде даярлануына және жұмыс орындарында өздерін ұстай білу қабілеттерін дамытуда үлкен ықпалын тигізеді.

Тәжірибе базаларын таңдауда мамандаярлаушы кафедралар кәсіпорындардың нақты бір мамандық бойынша тәжірибені өткізу мүмкіндігін алдын ала анықтайды. Талапқа сай болған жағдайда тәжірибенің басталуынан бір ай бұрын оқу орны кәсіпорындармен ұзақ мерзімді  шартқа отырады. Сол шарттың негізінде студенттерді тәжірибе базаларына бөледі. 

Студенттерді кәсіптік практиканың барлық түрлеріне жіберу өту мерзімдерін, практиканың базасы мен жетекшісін көрсете отырып, жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен ресімделеді.

Студентке осы Қағидаға сәйкес нысан бойынша жолдама беріледі.Кәсіптік практиканы өтуге жолдау кезінде студентке осы Қағидаға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандары бойынша кәсіптік практиканың

  жұмыс жоспар-кестесі кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есебі беріледі.

Кәсіптік практиканың бағдарламасы практика базалары ретінде айқындалған кәсіпорындарымен (мекемелерімен, ұйымдарымен) келісіледі және оқу орнының басшысымен бекітіледі.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнының сырттай (кешкі) оқу нысандарында студенттер мамандық бойынша жұмыс істейтін жағдайда оқудан және өндірістік (технологиялық) практикадан босатылады.

Бұл жағдайда олар оқу орнына жұмыс орнынан олардың кәсіптік қызметін көрсететін анықтаманы және мінездемені ұсынады.

Сырттай (кешкі) оқу нысандарында білім алушылар диплом алды практиканың бағдарламасын орындайды.

Педагогикалық факультеттің студенттері өндірістік тәжірибені негізінен білім беру ұйымдарында, мектептерде, бала-бақшаларда өтеді.

Техникалық және экономикалық факультеттерінің студенттері негізінен өндірістік кәсіпорындарда, шаруашылықтарда, зауыттарда, банктерде өтеді.

Тәжірибе аяқталған соң қорытынды конференция жүргізіліп, есептер даярланып, тиісті құжаттар тапсырылады.

 Университет көптеген ірі кәсіпорындармен байланыс орнатуда. Қазіргі таңда олардың барлығы дерлік тәжірибе базалары болып табылады.

Университет студенттерінің кәсіптік тәжірибеден өту сәттері:

 

 

 

 

 

Түлектерді жұмыспен қамту жұмыстары

Түлектерді жұмыспен қамту университеттің негізгі міндеттерінің бірі. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша Ақтөбе қаласы жұмыспен қамту орталығы, облыс және қала мектептері және балабақшалары және басқа да ұйымдармен бірігіп жұмыс жасалуда.

Студенттер мекемелердің сұраныстары негізінде немесе өз бетінше жұмысқа орналасады. Жұмысқа бөлу процесі деканаттарда және бітіруші кафедраларда жүргізіледі.

Түлектерді жұмыспен қамту кесте бойынша екі кезеңнен өтеді: біріншісі – деканаттардағы іс-шаралар, екіншісі – университет ректоратының шешімімен жұмысқа бөлу.

Деканаттардағы жүргізілетін іс-шаралар – облыс және қала ұйымдары мен мекемелеріне хаттар жолдау, студенттерді ұйымдардың өкілдерімен кездестіру, келісімшарттарға отыру, қалалық әкімшілік және жұмыспен қамту орталығы ұйымдастыратын «Бос орындар жәрмеңкесіне» түлектерді қатыстыру.

Бос орындар жәрмеңкесінде жүргізілетін шаралар:

  • - ұйымдар және мекмелер басшыларымен кездесулер ұйымдастыру;
  • - облыс мекемелері өкілдерімен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;
  • - жәрмеңкеге қатысушы туралы толық ақпаратты хат арқылы жолдау;
  • - түлектермен «Іскер адам портфелін» даярлау;

Жастар еңбек биржасы, ішкі саясат департаменті, тұрғындарды жұмыспен қамту, жұмысқа орналастыру агенттіктерімен байланыс орнатылады.

Жыл сайын Ақтөбе қаласы бойынша «Жұмыспен қамту орталығымен» бірлесе отырып «Түлек» студенттер туралы мәліметтер бағдарламасын толтырып, одан кейінгі жұмыспен қамтылуы қадағаланып отырады.

Бірнеше жұмыс берушілермен кездесулер өткізледі. Түлектерді жұмысқа қабылдау бойынша мәселелер қарастырылады.

Университет саитында «Түлектер тақтасы» бөлімі құрылды. Онда түлектерге қажетті ақпараттар орналастырылды. Мемлекеттік бағдарламалар: «Жұмыспен қамту - 2020», «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі», оған қоса жаңа бос орындар және Ақтөбе қаласында өтетін «Бос орындар жәрмеңкесінің» кестесі, электронды еңбек биржасы туралы барлық ақпараттар бар.

Жұмыс берушілер кеңесі.

Кеңес ректордың бұйрығы негізінде құрылады. Кеңес отырысы қажет болған жағдайда ғана, тек жылына бір рет қана шақырылады.

Жұмыс берушілер Кеңесінің құрамына білім беру мен ғылыми ұйымдарының, өнеркәсіптер мен қызмет көрсету салаларының, қоғамдық және кәсіби бірлестіктердің, мемлекеттік мекемелер мен университеттің қызметкерлері кіре алады. Сонымен қатар Кеңес мүшелерінің бірі университет ректоры болып саналады.

Кеңес мүшелерінің саны реттелмейді.

Кеңес мүшелері тең құқықты, жариялы, университет реторымен және ғылыми кеңеспен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Кеңес шешімі кеңес берушілік және нұсқамалық сипатта болады.

Кеңес мүшелігіне қабылдау және одан шығу жазбаша арыз негізінде университет бұйрығы арқылы жүзеге асады.

Кеңес төрағасы мен секция төрағасы бес жыл мерзімге Кеңес мүшелерінің ішінен тағайындалады.

Кеңестің шешімі ашық дауыс беру арқылы шығарылады.

Кеңестің жауапты хатшысы университет қызметкерлерінің ішінен ректормен тағайындалады.

Кеңес мынадай мәселелерді шешеді:

  • университеттің құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс берушілермен өзара әрекет етудің бірыңғай стратегиясын әзірлеу;
  • мамандар даярлайтын кафедралардың еңбек нарығына маңызды әсер ететін жұмыс берушілерден тұратын стратегиялық серіктестерімен өзара әрекет етуге белсенді қатысу тетіктерін қалыптастыру;
  • жұмыс берушілерді оқу процесіне қатысуға тарту, білім беру бағдарламаларын бағалауғ оқу жоспарын түзету тетіктерін әзірлеу;
  • жұмыс берушілерді университетпен бірлескен  ғылыми-өндірістік қызметке тарту. 

Студенттерді кәсіптік практиканың барлық түрлеріне жіберу өту мерзімдерін, практиканың базасы мен жетекшісін көрсете отырып, жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен ресімделеді.