С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетi

УНИВЕРСИТЕТ МИССИЯСЫ - Қазақстан экономикасының инновациялық дамуы үшін жоғары білікті, бәсекелестікке қабілетті, әлеуметтік-жауапты кадрлар даярлау

С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті ректорының кубогіне арналған ЖОО студенттері арасында пікірсайыс турнирі

9 желтоқсан күні С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің "Айсберг" зияткерлік пікірсайыс клубының 1 жылдығына орай, С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті ректорының кубогіне арналған ЖОО студенттері арасында пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге 40 фракция тіркелді. Ойын нәтижесі бойынша:

1 орын (15000 теңге) - "Fatality" фракциясы, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ "Заман біздікі ИЭО": Отарбаев Алиасқар, Қазбек Заманбек.

2 орын (10000 теңге) -  " 04:20" фракциясы Марат Оспанов атындағы БҚММУ, "Жалын" ПК.

3 орын (5000 теңге) - "Интроверт" фракциясы, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, "Заман біздікі" ИЭО:Ербақыт Жұлдыз, Тайрбекова Асем;

«Үздік спикер»  - («ISMA» оқу орталығына бір ай қытай тілі курсына тегін сертификат) Күртебай Мейрамбек;

«Үздік төреші» - ((«ISMA» оқу орталығына бір ай қытай тілі курсына тегін сертификат): Өтесін Махмұтсұлтанғали;

"Үздік жас буын" - (екі адамға «Гранд» мұз айдынына тегін сырғанауға сертификат): Шекернаев Мейрамбек.