С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетi

УНИВЕРСИТЕТ МИССИЯСЫ - Қазақстан экономикасының инновациялық дамуы үшін жоғары білікті, бәсекелестікке қабілетті, әлеуметтік-жауапты кадрлар даярлау

С. Бәйішев ат. АУ профессорлық-оқытушылар құрамының РЕЙТИНГІ

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті оқытушылар және кафедра меңгерушілері!

 

Стратегиялық даму және сапа бөлімі «С. Бәйішев ат. АУ ПОҚ-ның қызметін бағалаудың баллдық-рейтингтік жүйесі туралы» 211.03-2017 СМЖ БЕ сәйкес ПОҚ-ның рейтингін өткізу бойынша (бұдан әрі- Бағдарлама) IT-орталығының ақпараттық бағдарламалық шешімдер бөлімі әзірлеген бағдарлама арқылы университет оқытушылары мен құрылымдық бөлімшелерінің рейтингін анықтау мақсатында ағымдағы жылдың 5-25 мамыр аралығында ПОҚ қызметі мониторингін өткізуді жоспарлайтынын хабарлайды.

Осыған орай, біз профессор-оқытушылар құрамының рейтингіне қатысуыңызды және жеке мәліметтерді толтыруға барынша жауапкершілікпен қарауыңызды сұраймыз.

Бағдарламаны пайдалану бойынша ПОҚ үшін қысқаша нұсқау:

  1. Жүйеге кіру университеттің сайтында (http://raiting.ausb.kz/);
  2. Әрбір оқытушы жүйеге кіру үшін ЖСН тереді;
  3. 12345 уақытша құпия сөзді енгізу қажет. Сонымен қатар әрбір оқытушы құпия сөзді өзіне тиісті құпия сөзге өзгертуге міндетті;
  4. Оқытушы 4 бөлім бойынша деректерді толтырады (Жетілген әлеует, оқу-әдістемелік жұмыс, ғылыми-зерттеу жұмысы, тәрбие жұмысы, қоғамдық қызмет);
  5. Барлық растау құжаттары PDF форматында жүктелуі тиіс;
  6. Әрбір растау құжаты бөлек жүктеледі;
  7. Бағдарлама әкімшісі ақпарат пен құжаттардың дұрыстығын тексереді және растайды;
  8. Деректерді толтырудың соңғы мерзімі - 25.05.2018. 23: 59 ж.у., кейін жүйе тексеру үшін жабылады.