АКТЮБИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ им.С.БАИШЕВА

МИССИЯ УНИВЕРСИТЕТА – подготовка высококвалифицированных, конкурентоспособных, социально-ответственных кадров для инновационного развития экономики Казахстана
20 причин для того, чтобы учиться в университете им. С. Баишева

СҒҚ

С. Бәйішев ат. АУ Студенттік ғылыми қоғамы (кейін - СҒҚ) – бұл ғылыми-ұйымдастырушылық және зерттеу жұмыстарына белсене қатысатын университет студенттерін,факультет және кафедраның ғылыми үйірмелер мүшелерін және университтің басқа да студенттік ғылыми бірлестіктерін ерікті негізде біріктіретін қоғамдық ұйым болып табылады.

СҒҚ оқытудың барлық курстары мен түрлері студенттерінің ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіру үшін құрылады. Кадрларды кәсіби даярлау кезеңдерінде ғылыми-зерттеу сабақтастығын қамтамасыз ету үшін құрылады.

СҒҚ өз қызметінде ҚР заңнамасын,Университет ректорының бұйрықтарын және өкімдерін, қазіргі ережесін және соған байланысты құжаттарды басшылыққа алады.

СҒҚ мақсаты С. Бәйішев ат. АУ білікті кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша жұмысына жәрдемдесу, ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту мен сақтау және жаңа экономикалық шарттарға СҒЗЖ ұйымдастыру бойынша қызметін бейімдеу болып табылады.

 СҒҚ міндеттері:

  • Университетте оқытудың  ең бастапқы кезеңдерінде жастарды ғылымға тарту және оларды осы салаға бекіту;
  • жаңа білімге ие болу негізінде іргелі зерттеулерге деген қызығушылықты дамыту, ғылым және практика принципіне сәйкес ғылыми шығармашылықтың түрлі нысандарымен айналысатын студенттер арасындағы насихат, оқу материалын шығармашылық және тереңдей меңгерген студенттердің ғылыми танушылық тәсілді үйренуіне жәрдемдесу және зерттеу жұмыстарына деген мотивация қалыптастыру;
  • ғылыми және зерттеу қызметі арқылы өз мамандығына деген шығармашылық қарым-қатынас орнату;
  • теориялық және ғылыми-практикалық тапсырмаларды өздігінен шешу құралдарв мен тәсілдерін студенттерге үйрету;
  • дарынды студенттерді түрлі ғылыми және ғылыми-ұйымдастырушылық ұжымдардағы ғылыми және ғылыми-ұйымдастырушылық жұмысқа бағытталған, туристтік білім беру саласындағы жаңалықтарды меңгеруге тарту;
  • магистратурада білімін жалғастыру үшін ғылыми-ұйымдастырушылық және зерттеу жұмыстарымен белсене айналысатын үздік студенттерді ұсыну мен іріктеу;
  • ғылыми ауысым дайындау жүйесін аясында ғылыми-педагогикалық кадрлар резервін қалыптастыру үшін дарынды жастарды іріктеу;
  • басқа ЖОО СҒҚ серіктестікті жүзеге асыру, студенттердің ҒЗЖ ұйымдастырудың отандық және шетел тәжібесін үйрету,ақмапарт алмасу, өз жұмысына алдыңғы қатарлы нысандар мен тәсілдерді енгізу;
  • кафедралардың студенттік ғылыми үйірмелері қызметінің нәтижелігін арттыру бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс.
  • СҒЗЖ бойынша әр түрлі ұйымдастырушылық-бұқаралық, оның ішінде жарыстық (ғылым күндері, ғылыми семинарлар мен конференциялар, студенттік ғылыми жұмыстар конкурстары, пәндер мен мамандықтар бойынша олимпиадалар, курстық, дипломдық, оқу- ғылыми жұмыстарды қарау конкурстары, талқылау клубтары, сипмозиумдар, жас зерттеушілердің мектебі және т.б.) әр түрлі деңгейдегі іс-шаралар өткізу және ұйымдастыру.

студенттердің ғылыми шығармашылығы мен ғылыми зерттеулерінің қорытындыларын ғылыми-техникалық кәсіпкерлік және инновациялық бизнес қабілеттерін меңгеруге, инновациялық құрылымдарда қолдануға бағытталған, сол саладағы халықаралық жетістіктерді ескеретін жаңа енгізулер, ғылымды қажет ететін өнімдерді қалыптастыруға бағытталған инновациялық қызметке студенттерді тартуды практикалық енгізуге жәрдемдесу арқылы жүзеге асыру.