С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетi

УНИВЕРСИТЕТ МИССИЯСЫ - Қазақстан экономикасының инновациялық дамуы үшін жоғары білікті, бәсекелестікке қабілетті, әлеуметтік-жауапты кадрлар даярлау

Ресейдің Уфа қаласында түркі халықтарының мәдениеті мен тілінің халықаралық жастар фестиваліне қатысу

2017 жылдың 28 қарашасынан 3 желтоқсаны аралығында университеттің студенттік делегациясы Уфа қаласында түркі халықтарының мәдениеті мен тілінің халықаралық жастар фестиваліне қатысты. Делегация құрамында 14 студент болды. Делегация басшысы университеттің ЖІК төрағасы А.И. Азиев болды. Фестивальдің қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі лауреатты «Вокалдық орындаушылық. Соло» номинациясы бойынша педагогикалық факультеттің студенті Тлеубаева Бахитгуль иеленді. «Нұр Шашу» ансамблі «Хореография» номинациясы бойынша 2-ші дәрежелі лауреат атанды. Ал университетіміздің «Інжу» дуэтінің студенттері  Қайкиева Жазира мен Аманжолова Айжан «Вокалдық орындаушылық. Дуэт» номинациясы бойынша бірінші дәрежелі лауреат атағына ие болды. Фестивальдің барлық қатысушылары алғыс хаттар алды. Бүгін (8.12.17) фестивальға қатысқан студенттер сапар жөніндегі есеппен университеттің студенттер қауымдастығымен кездесті.