С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетi

УНИВЕРСИТЕТ МИССИЯСЫ - Қазақстан экономикасының инновациялық дамуы үшін жоғары білікті, бәсекелестікке қабілетті, әлеуметтік-жауапты кадрлар даярлау

Researcher Connect

Researcher Connect Workshop

2017 жылдың 5-7 желтоқсан аралығында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің ZEREK технопаркіндеқұрылған Кәсіби даму мен ықпалдастық орталығында (Professional Development and Engagement Centre, British Council) үкіметаралық қазақстандық-британдық «Ньютон-Аль-Фараби» бағдарламасы аясында зерттеушілердің біліктілігін арттыру бойынша Researcher Connect тренингі өтті.

Researcher Connect – зерттеу қызметінің кезкелген сатысындағы және түрлі академиялық салада жұмыс істейтін зерттеушілер үшін интерактивті білім беру курстарының сериясы. Бұл курстар кәсіби дамуға, соның ішінде халықаралық контекстегі коммуникациялық дағдыларды жақсартуға бағытталған.

Күн сайын өсіп келе жатқан бәсекелестік және жаһандық нарық жағдайында зерттеушілер және олардың ұйымдары өздерінің зерттеулерін халықаралық аудиторияға ұсына алуы керек. Ол үшін ғалымдар халықаралық журналдарда жариялану, халықаралық конференцияларда баяндама жасау, зерттеулерді қаржыландыру үшін ұлттық және халықаралық байқауларға өтінім беру, өзінің зерттеулерін танымал ету үшін халықаралық ынтымақтастықты реттеу мүмкіндіктерін беретін негізгі коммуникациялық дағдыларын дамыту қажет.

Тренингке Ақтөбелік зерттеушілер және көршілес Атырау, Батыс Қазақстан облыстарынан келген ғалымдар қатысты. Тренингке қатысушылар алдағы уақытта өздерінің зерттеушілік қызметтерінде қолданатын білімдерін және коммуникациялық дағдыларын жетілдірді. Нәтижесінде тренингке қатысқан ғалымдар өз мекемелеріндегі зерттеу сапасын, сондай-ақ халықаралық зерттеушілер қауымдастығындағы рейтингі мен репутацияларын арттыра алады.