С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетi

УНИВЕРСИТЕТ МИССИЯСЫ - Қазақстан экономикасының инновациялық дамуы үшін жоғары білікті, бәсекелестікке қабілетті, әлеуметтік-жауапты кадрлар даярлау

Педагогика

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде 2012-2013 оқу жылында студенттер контингентінің артуына байланысты университетте «Педагогика және жаратылыстану» факультеті құрылды. Факультет деканы филология ғылымдарының кандидаты, доцент Амангазиева Меруерт Кусаиновна.  Факультет құрамында   «Филология және аударма», «Педагогика, психология және пәндік технологиялар», «Экология», «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедралары болды. 2016 жылы факультет атауы Педагогика факультеті  болып өзгеріп, құрамына «Педагогика және психология», «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру», «Филология және аударма», «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедралары кірді. Факультетте 5 ғылым докторлары, 22 ғылым кандидаттары, 21 магистрлар мен аға оқытушылар ғылыми педагогикалық қызмет атқаруда.

Аталған кафедралар төмендегідей мамандықтар бойынша студенттер мен магистранттар дайындайды:

  • 5В011700 Қазақ тілі және әдебиеті
  • 5В011900 Шет тілі: екі шет тілі
  • 5В020700 Аударма ісі
  • 5В010100 Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу
  • 5В010300 Педагогика және психология
  • 5В010200 Бастауышта оқытудың педагогикасы және әдістемесі

Магистратура бойынша:

  • 6М050100 Филология
  • 6М011700 Қазақ тілі мен әдебиеті
  • 6М011800 Орыс тілі мен әдебиеті

Бүгінгі таңда факультетте кундізгі бөлім бойынша 743 студент, қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша – 349,  сырттай бөлімде 410 студент, 58 магистрант білім алуда. Оның ішінде мемлекеттік грант иегерлері - 7, Н.Ә.Назарбаев атындағы атаулы стипендия иегерлері – 3, университет Президенті сертификатының иегерлері -3, Облыс әкімінің арнаулы стипендиясының иегерлері - 21 студент.

Педагогика факультетіне қарасты көптеген ғылыми, әдістемелік, шығармашылық үйірмелер мен проблемалық топтар нәтижелі жұмыстар жүргізуде. Халықаралық байланыс негізінде Қытай Республикасының Шыңжаң университетінде және Ресей Федерациясының Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық институтында, Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті (РФ), Ажинияз атындағы Нукус мемлекеттік педагогикалық институты (Өзбекістан), Тонгмионг Университеті (Пусан, Оңтүстік Корея), Альчиде де Гаспери атындағы еуроаймақтық экономика университеті (Польша), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы), Сулейман Демирель атындағы университеті (Қаскелең), Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (Шымкент) және т.б. факультет студенттері  дәріс тыңдап, өз білімдерін жетілдіруде.

Факультет студенттері қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі түрлі шараларға белсене араласып, жүлделі орындарға ие болып, мақтау грамоталары мен алғыс хаттардың иегерлері болып табылады.

 

Факультет деканы студенттер мен ата-аналарды барлық сұрақтар бойынша күн сайын сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды.