С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетi

УНИВЕРСИТЕТ МИССИЯСЫ - Қазақстан экономикасының инновациялық дамуы үшін жоғары білікті, бәсекелестікке қабілетті, әлеуметтік-жауапты кадрлар даярлау

Оқу бөлімі

Оқу бөлімі  С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің оқу құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлімнің стратегиялық мақсаты: Оқу процесін басқару бойынша жұмыстарды бақылау, жүзеге асыру, үйлестіру, басшылық ету және ұйымдастыру.

Оқу бөлімінің басшысы- Ақтайлақова Гуүлмира Нұрланқызы, экономика магистрі

 

Бас маман-Тлеуқабылова Айгүл Бақытқалиқызы, физика магистрі

 

Маман-Жұбатқанова Жанар Жадигеровна

 

Педагогикалық факультет бойынша ОБ инспекторы - Айтжанова Айнур Хабдуалиқызы

 

Техникалық факультет бойынша ОБ инспекторы -Қожабайқызы Марал

 

Экономика және жаратылыстану факультеті бойынша ОБ инспекторы, ақпараттық жүйелер магистрі -Қадірбек Ақнұр

 

Оқу бөлімі жұмысының басты бағыттары:

- университет бөлімшелерінің мамандықтардың білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын және оқу үрдісінің кестесін құру барысында өзара жұмысын ұйымдастыру;

- ақпаратты қорыту, сараптау және оқу үрдісін басқару бойынша ректорат шешімдерін әзірлеу;

- университетте оқудың барлық түрі бойынша оқу үрдісі сапасын бақылау және мамандар даярлау сапасын бақылау жүйесін ақпараттық сүймелдеу;

- оқу үрдісін реттейтін нормативті-әдістемелік іс-құжаттарды тұрақты жетілдіру;

- студенттердің жеке ісін жүргізу және универстет бітіргені жөніндегі құжаттарды рәсімдеу;

- оқу үрдісін жоспарлау, ұйымдастыру және оқу сапасын бақылау. 

 

Оқу бөлімінің басты қызметтері мен мақсаттары

ОБ жұмысы білім беру қызметінің сапасын және нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. ОБ жұмысы таңдалған кәсіби қызмет саласында құзіретті, МЖБС және еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес терең теориялық және практикалық дайындығы, мықты кәсіби білімі, қабілеті бар мамандарды (бакалавр) даярлауға бағытталған.

Оқу бөлімі кафедралардың оқу бойынша жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды.

ОБ қойылған мақсатты келесі қызметтерді атқару арқылы жүзеге асырады:

- сапа саласындағы  С. Бәйішев ат. АУ саясаты пен мақсаттарын жүзеге асыру;

- С. Бәйішев ат. АУ СМЖ талаптарын орындау; 

- сапа саласындағы ОӘБ мақсаттарын жүзеге асыру;

- ОБ қызметінің білім беру үрдісіне тұрақты түрде мониторинг, сараптама жүргізу және оны күшейту.

Оқу жұмысы бойынша бұл қызметтердің атқарылуы келесі міндеттерді шешуге негізделеді:

Оқу жұмысы бойынша:

- оқу үрдісі бойынша ректордың өкімдері мен бұйрықтарын әзірлеу ;

- студенттер мен оқытушылардың оқу үрдісі тәртібін сақтауды бақылау;

- деканат хатшыларының жұмыстарына әдістемелік жетекшілік ету;

- МАК хатшыларының жұмыстарын бақылау мен жетекшілік ету, төрағалар есебі ойынша МАК жұмысының қорытындысын саралау және корыту;

- дипломдар, академиялық анықтамалар, диплом нұсқаларын, сынақ кітапшаларын және студенттік билеттерді рәсімдеу, бақылау және жетекшілік ету, сонымен қатар күндізгі және сырттай оқыту түрінің түлектері мен студенттері үшін өзге құжаттарды рәсімдеуді ұйымдастыру;

- кафедралар  штаттарын қалыптастыру үшін есептеу және өзге құжаттар әзірлеу, кафедралар мен оқытушылардың оқу жүктемелері мен оқу жоспарларын бақылау, олардың орындалуын бақылау;

- оқытушылар жұмысын сағаттық төлеммен рәсімдеу, сағаттық қордың жұмсалуын есептеу және оны бөлу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

- оқу жұмысының жеке сұрақтары бойынша кафедралар мен факультеттерді тексеру, ректорат жоспары бойынша бақылау іс-шараларына қатысу;

- деканат және кафедраларды оқу іс-құжаттарының бланкілерімен қамтамасыз ету;

- оқу сұрақтары бойынша азаматтар және бөлімдермен хат алмасу;

- басқа бөлімдермен бірлесе отырып оқу үрдісіне оқытудың жаңа техникалық құралдарын енгізуді ұйымдастыру мен таңдау;

- IT, деканаттар және кафедралармен бірлесе отырып оқу үрдісіне оқытудың жаңа ақпараттық техгологияларын және шаралар өткізуін енгізуді анықтауға қатысу;

- декандар мен кафедра жетекшілеріне оқу жоспарларын әзірлеуге жәрдемдесу;

- мемлекеттік статистикалық есептің мәліметтерін даярлау;

- Platonus бағдарламасында ЖОО ақпараттық жүйесінің толтырылуы;

- университетте мамандықтар бойынша дайындық құрылымын анықтау мақсатында республика және аудан бойынша мамандарға қажеттілікті болжауды әзірлеуге қатысу.

Дайындау деңгейлері бойынша дәреже немесе біліктілік тағайындау туралы
Ақпарат

Кесте 1

Мамандық атауы Бакалавриат мамандығы бойынша берілетін дәреже
1 5В010100-«Мектепке дейінгіоқытужәнетәрбиелеу» 5В010100-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығыбойынша білім бакалавры
2 5В010200-«Бастауышта оқытупедагогикасы мен әдістемесі» 5В010200-«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім бакалавры
3 5В010300-«Педагогика және психология» 5В010300-«Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім бакалавры
4 5В011500-«Құқық және экономика негіздері» 5В011500-«Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша білім бакалавры
5 5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» 5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім бакалавры
6 5В011900-«Шетел тілі: екішетелтілі» 5В011900-«Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша білім бакалавры
7 5В020700-«Аударма ісі» 5В020700-«Аударма ісі» мамандығы бойынша Гуманитарлық білім бакалавры
8 5В030100-«Құқықтану» 5В030100-«Құқықтану» мамандығыбойынша құқық бакалавры
9 5В042100-«Дизайн» 5В042100-«Дизайн» мамандығы бойынша өнер бакалавры
10 5В050600-«Экономика» 5В050600-«Экономика» мамандығы бойынша Экономика және бизнес бакалавры
11 5В051000-«Есеп және аудит» 5В051000-«Есеп және аудит» мамандығы бойынша Экономика және бизнес бакалавры
12 5В050900-«Қаржы» 5В050900-«Қаржы» мамандығы бойынша Экономика және бизнес бакалавры
13 5В051000-«Мемлекеттік жәнежергіліктібасқару» 5В051000-«Мемлекеттік және жергілікті басқару»Мамандығы бойынша Экономика және бизнес бакалавры
14 5В060200-«Информатика» 5В060200-«Информатика» мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының бакалавры
15 5В060800-«Экология» 5В060800-«Экология» мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының бакалавры
16 5В070200-«Автоматтандыру жәнебасқару» 5В070200-«Автоматтандыру жәнебасқару»Мамандығы бойынша Техникалық ғылымдар және технологиялар бакалавры
17 5В070300-«Ақпараттық жүйелер» 5В070300-«Ақпараттық жүйелер» мамандығыбойынша техникалықғылымдаржәнетехнологиялар бакалавры
18 5В070600-«Геология жәнепайдалықазбаларкенорнынбарлау» 5В070600-«Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау» мамандығы бойынша Техникалық ғылымдар және технологиялар бакалавры
19 5В070700-«Тау-кен ісі» 5В070700-«Тау-кен ісі» мамандығы бойынша Техникалық ғылымдар және технологиялар бакалавры
20 5В070800-«Мұнай-газ ісі» 5В070800-«Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша Техникалық ғылымдар және технологиялар бакалавры
21 5В072900-«Құрылыс» 5В072900-«Құрылыс»  мамандығы бойынша Техникалық ғылымдар және технологиялар бакалавры
22 5В080100-«Агрономия» 5В080100-«Агрономия» мамандығы бойынша ауылшаруашылық ғылымдары бакалавры
23 5В090100-«Көлікті пайдаланужәнежүкқозғалысы мен тасымалдаудыұйымдастыру» 5В090100-«Көлікті пайдаланужәнежүкқозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығыбойынша Қызмет көрсету бакалавры
24 5В090200-«Туризм» 5В090200-«Туризм» мамандығы бойынша Қызмет көрсету бакалавры
25 5В120200-«Ветеринарлық санитария» 5В120200-«Ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша ветеринария маманы

  Кесте 2

Мамандық атауы Магистратура мамандығы  (бейіндік/ ғылыми-педагогикалық бағыт) Бойынша берілетін дәреже
1 5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» 6М011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім магистрі/педагогика ғылымдарының магистрі
2 6М011800-«Орыс тілі мен әдебиеті» 6М011800-«Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім магистрі/педагогика ғылымдарының магистрі
3 6М020100-«Философия» 6М020100-«Философия» мамандығыбойынша гуманитарлық білім магистрі/ гуманитарлық ғылымдар магистрі
4 6М020500-«Филология 6М020500-«Филология» мамандығыбойынша гуманитарлық білім магистрі/ гуманитарлықғылымдармагистрі
5 5В050600-«Экономика» 6М050600-«Экономика» мамандығы бойынша Экономика және бизнес магистрі/ экономика ғылымдарының магистрі
6 6М050700-«Менеджмент» 6М050700-«Менеджмент» мамандығы бойынша Экономика және бизнес магистрі/ экономика ғылымдарының магистрі
7 5В050900-«Қаржы» 6М050900-«Қаржы» мамандығы бойынша Экономика және бизнес магистрі/ экономика ғылымдарының магистрі
8 5В051000-«Мемлекеттік жәнежергіліктібасқару» 6М051000-«Мемлекеттік және жергілікті басқару»Мамандығы бойынша Экономика және бизнес магистрі/ экономика ғылымдарының магистрі