С. Бәйішев атындағы
Ақтөбе университетi

“Біздің мақсатымыз - сапалы білім”
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде оқу үшін 20 себеп
  • Қазақстан Республикасы,
    Ақтөбе қаласы,
    Ағ.Жұбановтар к-сі, 302а
  • 8 (7132) 51-15-96
    Қабылдау комиссиясы

Оқу үрдісін ақпараттандыру және тіркеу офисі

Мамандарды даярлау сапасы мен басқару механизмін жақсарту  мақсатында 2014 жылдан бастап университетте ЖОО (PLATONUS) ақпараттық жүйесі енгізілді (БжҒМ 2013 ж. 5 маусымындағы №219 «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына ақпараттық жүйені енгізу туралы» бұйрығы).

ЖОО (PLATONUS) АЖ енгізілуіне байланысты 2014-2015 оқу жылында университетте ақпараттандыру және оқу үрдісін бақылау бөлімі ашылды (2014 ж. 2-қыркүйегіндегі №99 бұйрық). Бөлімнің негізгі қызметі:

  1. Университеттің барлық құрылымдық бөлімшелер ақпараттарын жинау, сақтау, өңдеу;
  2. Контингент өзгерісіне байланысты үрдісті автоматтандыру (оқудан шығару, оқуға қабылдау, курстан курсқа өткізу, академиялық демалыс және т.б.);
  3. Студенттер контингенті мен қызметкерлердің мониторингі (үлгерім, сапа пайызы, қатысым, т.б.);
  4. Кредиттік технология бойынша білім беру үрдісіне қолдау көрету;
  5. Адами негативті факторлардың ықтималдығын төмендету және автоматты есеп негізінде уақытты үнемдеу;
  6. Әр компьютерде бағдарламамен қамтылуының қажетінсіз локальді желіде және интернетте қолдануға мүмкіндік;
  7. Ақпараттық қауіпсіздік мақсатында барлық жүйенің логинделуі.

2015-2016 оқу жылынан бастап бөлім атауы оқу үрдісін ақпараттандыру және тіркеу офисі ретінде өзгертілді (С.Бәйішев атындағы АУ Президентінің 26.08.2015 №84 бұйрығы) және ОӘЖ проректорына бағынады. Жаңа бөлімнің ашылуымен байланысты қосымша міндеттерімен қатар қызметкерлер штаты кеңейтілді.

ОҮАжТО-нің негізгі қызметі мен міндеттері

  1. Оқу үрдісін ұйымдастыру:
  • ЖОО бойынша академиялық күнтізбе жасау және оның орындалуын бақылау;
  • Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру;
  • Қашықтықтан оқыту бойынша кеңес беру және сабақ кесетсін жасау;
  • Академиялық топ және ағымдардың тиімділігі бойынша ұсыныс жасау;
  • Жазғы семестрді ұйымдастыру.
  1. Білімнің кіріс кесіндісін ұйымдастыру және бақылау
  2. Балдық-рейтингтік жүйенің жүзеге асырылуын бақылау және талдау
  3. Студенттерді даярлаудың сапасын бақылау
  4. Академиялық айырмашылықты жоюды ұйымдастыру
  5. Қайталау курсын ұйымдастыру және бақылау
  6. Апеляция ұйымдастыру және өткізу
  7. Есепті автоматты түрде қалыптастыру
  • Статистика және статистикалық есеп жүргізу;
  • Студенттердің транскриптісін, жеке жоспарларын әзірлеуді бақылау;
  • Академиялық үлгерімін есептеу;
  • Студенттің академиялық рейтингін есептеу;
  • Студенттердің білім бағаларының қорытынды рейтингін талдау
  • Орындалмаған қарыздарының кестесін жасау

Университетімізде мамандарды сапалы даярлауды басқару жүйесінде кәсіби білім беру бағдарламасын меңгерудің сапасын бағалау және бақылау үлкен рөл атқарады.

Оқу үрдісін ақпараттандыру және тіркеу офисі  бөлімінің штаттық құрамы

Бөлім басшысы – Нарбекова З.Т.

Тіркеуші – Тлеулина Ж.Ж.

Тіркеуші – Досмуратова С.К.

Тіркеуші – Сагимбаева Г.А.

Бағдарламашы – Сатиев А.Ш.