С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетi

УНИВЕРСИТЕТ МИССИЯСЫ - Қазақстан экономикасының инновациялық дамуы үшін жоғары білікті, бәсекелестікке қабілетті, әлеуметтік-жауапты кадрлар даярлау

Маркетинг, мансап және қоғаммен байланыс орталығы

Орталықтың мақсаты абитуриенттерді қабылдау және университет түлектерінің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, жоғары оқу орындары мен қоғам арасындағы тиімді қарым-қатынас орнату, маркетинг саясатын жүргізу және университеттің еңбек нарығында және білім беру қызметтерінде оң имиджін қалыптастыру болып табылады.

Орталық директоры - Балапашев Бекен Сарсенгалиевич

Орталық қызметінің бағыттары:

  1. Кәсіби бағдар жұмысы.
  2. Талапкерлердің көлемі мен түсуі.
  3. Жұмыс берушілер үшін бос жұмыс орындарының дерекқорын құру және жүргізу.
  4. Уақытша және тұрақты жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге арналған тұсаукесерлерді, бос орындар жәрмеңкесін және басқа да осындай іс-шараларды ұйымдастыру.
  5. Бітірушілерді бос орындар туралы ақпаратты уақытында ұсыну.
  6. Студенттер мен түлектердің мәліметтер қорын құру және жүргізу.
  7. Еңбек нарығы мен білім беру қызметтерін маркетингтік зерттеу.
  8. Студенттердің практикасы.
  9. Сайтты жүргізу.

С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің маркетинг, мансап және қоғаммен байланыс орталығы  туралы Ереже мамандықтар бойынша тәжірибелердің барлық түрлерін ұйымдастыруға, түлектерді жұмысқа орналастыру, студенттерді тарту үшін кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізуге жәрдемдесу бойынша талаптарды белгілейді.

С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің маркетинг, мансап және қоғаммен байланыс орталығы  студенттер және түлектермен оқу, өндіріс және диплом алдындағы тәжірибеден өту, уақытша жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру бойынша сұрақтарды, сондай-ақ, орта мектеп, орта-кәсіби буын мекемелерінің  оқушыларымен  ЖОО – да одан әрі оқу үшін жеке жұмыс жүргізетін университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Орталық:

  • қоғаммен қарым-қатынастың жаңа деңгейіне жету, студенттерді тәрбиелеу және мансабын жоспарлау саласында мүдделі органдар мен мекемелер, қоғамдық және өзге де ұйымдармен С. Бәйішев ат. Ақтөбе университетінің ыөзара қарым-қатынас жасау;
  • университет түлектерін жұмысқа орналастыру және студенттер мансабын жоспарлау мәселелері бойынша аналитикалық және консультациялық жұмысты ұйымдастыру, білім беру нарығында мамандар қажеттігін жылдам зерттеу, анықтау және болжау мақсатында құрылады;

Орталық студенттермен жұмыс жүргізеді:

  • С.Бәйішев АУ студенттері мен түлектеріне жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саласында хабарлайды;
  • жұмыс іздеу тактикасы туралы кеңес беру (резюме жазу тәжірибесі);
  • студенттер мен түлектермен кәсіби бағдар, жұмысқа орналастыру және уақытша жұмыспен қамтусұрақтары бойынша жеке жұмыс жүргізеді;
  • бітірушілер сауалнамасын және алынған ақпараттарды талдауды жүзеге асырады;
  • Еңбек нарығын талдау және Ақтөбе қалалық және облыстық  халықты жұмыспен қамту орталығымен және жұмыс берушілерімен өзара әрекеттесу;
  • түлектердің мансаптық өсуін бақылайды;
  • университет түлектерімен онлайн-форум өткізеді;
  • түлектер қауымдастығы жұмысын ұйымдастырады.

Орталық С. Бәйішев атындағы АУ басқа құрылымдарымен бірге келесі іс-шараларды жүргізеді:

  • Мансап күндері мен мансаптық апталар, жұмыс берушілердің кәсіпорындарын таныстыру;
  • қалалық, облыстық бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысу және ұйымдастыру;
  • кездесулер - уақытша және тұрақты жұмысқа арналған семинарлар;
  • кураторлармен, кафедра басшыларымен тығыз қарым-қатынас жағдайында (әкімшілік, статистикалық) есеп беру және ұйымдастыру;
  • студенттерді жұмысқа орналасу мәселелері бойынша сауалнама жүргізу (жыл басында, жыл бойы);
  • өткен жылдардағы университеттің түлектерімен өзара қарым-қатынас және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
  • С. Бәйішев атындағы АУ түлектерінің және студенттерінің жұмысқа орналасуын талдау және есепке алу нәтижелері.

Орталық өз жұмысын факультеттер деканатымен, ОБ,  тәрбие жұмысы бөлімімен тығыз байланыста жүзеге асырады.

ММжКБО өз қызметінде қолданыстағы заңнаманы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру және тәрбие қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерін, С. Бәйішев атындағы АУ Жарғысын, Университет бойынша бұйрықтар мен өкімдерді, Ғылыми кеңестің шешімдерін және осы Ережені басшылыққа алады.

ММжКБО - С. Бәйішев атындағы АУ ректорына бағынады, сондай-ақ өз қызметін ректордың бұйрығымен құрады, қайта құрады және тоқтатады.

ММжКБО -ның негізгі міндеттері:

  • Кез-келген оқыту түріне түсетін әлеуетті талапкерлерді тарту үшін С. Бәйішев атындағы АУ - оң имиджін қалыптастыру;
  • Білім беру мекемелеріндегі бейіндік оқуды ұйымдастыруға көмек көрсету;
  • Білім беру мекемелеріндегі түлектердің кәсіби анықтамасына көмек көрсету;
  • С. Бәйішев атындағы AУ-не үміткерлерді тарту;
  • С. Бәйішев атындағы AУ түлектерін жұмысқа орналастыруға көмек көрсету;
  • Жаңа жұмыс берушілерді С. Бәйішев атындағы AУ - мен ынтымақтастыққа тарту;
  • Университеттің дәстүрлерін сақтау және көбейту;
  • Студенттерге түйіндеме жазу, өзін-өзі таныстыру, болашақ жұмыс берушілермен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйрету;
  • Түлектер базасын қалыптастыру.

Орталықтың кадрлық құрамы:

 Казманов Нурлан Куатович – кәсіптік бағдар беру жұмыстары жөніндегі бас  маманы

Кайралапина Алмагуль Жаскайратовна – тәжірибе және түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі менеджері

Жұмабек Сымбат Халыққызы – сайт маманы, аудармашы