Baıshev Ýnıversıtet

Университет Миссиясы – Қазақстан экономикасын инновациялық бағытта дамыту үшін жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары мамандарды даярлау

Кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау Институты

С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау Институты қызметтің барлық салалары және салалары бойынша кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау халықаралық және қазақстандық білім беру бағдарламаларының кең ауқымын жүзеге асырады:

  • педагогтардың, жетекші қызметкерлер мен мамандардың  біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
  • білім алушылар, магистранттар, педагогикалық қызметкерлер, жетекшілер және мамандар үшін тағылымдама;
  • жеке қызмет орнын иеленуге қажетті арнайы даярлау;
  • оқыту курстары (лекторийлар, тақырыптық семинарлар, практикумдар, тренингтер және оқыту курстарының басқа да да түрлері);
  • ұйымдарда оқу; 

Оқыту барысында блоктік-модульдік принцип, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар, көрнекіліктер, электрондық тасығыштағы оқу материалдары, қолданбалы бағдарламалар пакеті, мультимедия және бейнефильм құралдары қолданылған оқытудың инновациялық және интерактивті әдістері қолданылады. 

Кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламалары нақты бір ұйымның тапсырысы бойынша өңделуіп түзетілуі мүмкін және түскен өтінімге сәйкес жүзеге асырылады.  

Біліктілікті арттыру тапсырыс берушінің қалауы бойынша  тағылымдама, практикум түрінде жеке жоспар мен кестеге сәйкес ұйымдастырылуы мүмкін. 

Қашықтықтан және сырттай оқу мүмкіндігі бар. 

Оқу аяқталғаннан кейін тиісті растаушы құжат беріледі (сертификат, куәлік қағаз, төлқұжат және диплом). 

С. Бәйішев ат. Ақтөбе университетінің кадрлар біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау Институтымен жүзеге асырылатын педагогикалық кадрларды қайта даярлаудың білім беру бағдарламалары (оқу ақысы 60.000 теңге):

  • 1. Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  • 2. Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  • 3. Дефектология                                     
  • 4. Педагогика және психология
  • 5. Химия – Биология                              
  • 6. Математика – Физика
  • 7. Математика – Информатика            
  • 8. Физика – Информатика
  • 9. География – Тарих                            
  • 10. Тарих – Дінтану
  • 11. Тарих                                                 
  • 12. География
  • 13. Бейнелеу өнері және сызу              
  • 14. Кәсіптік оқыту (Технология)
  • 15. Математика                                       
  • 16. Физика
  • 17. Информатика                                    
  • 18. Химия
  • 19. Биология
  • 20. Шетел тілі: екі шетел тілі
  • 21. Қазақ тілі мен әдебиеті
  • 22. Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • 23. Орыс тілі мен әдебиеті
  • 24. Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • 25. Құқық және экономика негіздері 

Сіз педагогикалық кадрларды қайта даярлаудың білім беру бағдарламалары бойынша оқу уақытын және еңбек сыйымдылығын таңдай аласыз: 2 ай (еңбек сыйымдылығы – 285 академ. сағат) немесе 3 ай (еңбек сыйымдылығы – 635 академ. сағат). 

Қашықтықтан және сырттай оқу мүмкіндігі бар. 

Оқу аяқталғаннан кейін Қосымшасымен Куәлік беріледі. 

Қажетті құжаттар:

  • 1. дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі
  • 2. жеке куәлігінің көшірмесі
  • 3. жұмыс орнынан анықтама
  • 4. 2 фотосурет 3х4
  • 5. құжат тігілетін папка – 1, файл – 5
  • 6. Өтініш (орында толтырылады)
  • 7. Курстары тыңдаушысының Сауалнамасы (орында толтырылады)
  • 8. Келісімшарт (орында толтырылады) 

Құжаттар дейін қабылданады

1. қабылдау – 23.10.2018  дейін

4. қабылдау – 04.06.2019  дейін

2. қабылдау – 25.12.2018  дейін

5. қабылдау – 03.07.2019  дейін

3. қабылдау – 15.03.2019  дейін

6. қабылдау – 31.07.2019  дейін

 С. Бәйішев ат. Ақтөбе университетінің кадрлар біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау Институтымен жүзеге асырылатын кадрлардың біліктілігін жоғарылату білім беру бағдарламалары (еңбек сыйымдылығы: 36 – 120 академ. Сағат, оқу ақысы 5.000 теңгеден бастап)

  1. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша
  2. «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері
  3. Есте сақтауды дамыту технологиялары мен оларды педагогикалық тәжірибе барысында қолдану
  4. Инклюзивті білім беру: қолжетімді орта
  5. Инклюзивті білім берудегі психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу
  6. Критерийлік бағалау жүйесі және оны педагогикалық тәжірибеде қолдану
  7. Критерийлік бағалау жүйесін әзірлеу, сараптау және енгізу
  8. Баламен ынтымақтастықтың психологиялық-педагогикалық технологиялары
  9. Мектепте зерттеушілік және тәжірибелік қызмет үшін сыни ойлауды дамыту
  10. Білім берудегі құзыреттілік тәсілдемелерді жүзеге асырудың қазіргі жағдайы мен келешегі туралы заманауи ғылыми білімдер
  11. Оқытудағы жүйелік-қызметтік тәсілдеме
  12. Оқытудың жобалық технологиясы
  13. Білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
  14. Білім берудегі менеджмент: білім беру ұйымында қызметкерлер құрамын басқару
  15. Жасөспірімдер мен жастар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселелері 

Біліктілікті арттырудың басқа да білім беру бағдарламалары туралы біздің кеңседен біле аласыз. 

Біздің мекен-жайымыз:

  • Ақтөбе қ., Ағ. Жұбановтар, 302а – С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің кадрлар біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау Институты (118, 424 кеңсе)
  • Тел: 8 (7132) 974-083, 523-600 (факс)

Инстаграм

Сергей Сулима

С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау Институты