АКТЮБИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ им.С.БАИШЕВА

МИССИЯ УНИВЕРСИТЕТА – подготовка высококвалифицированных, конкурентоспособных, социально-ответственных кадров для инновационного развития экономики Казахстана
20 причин для того, чтобы учиться в университете им. С. Баишева

Кітапхана туралы

КІТАПХАНА         

 

    C.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің кітапханасы, университеттің жетекші құрылымдық бөлімшесі болып табылады.  Оқу процесін, ғылыми зерттеулерді әдебиет және ақпаратпен қамтамасыз ететін және  оқырмандардың барлық санаттары үшін, мәдени, рухани және зияткерлік байланыс орталығы болып табылады. Университет кітапханасы 20 жыл ішінде үлкен жетістіктерге жетті.

Университеттің ақпараттандыру қызметі студенттерді, тәлімгерлерді  Республикалық жоғары оқу орындарыаралық электрондық кітапханаға, компьютерлік сыныптар кітапханаларына, электронды каталогтар мен оқулықтар, толық мәтінді деректер базасына, шетелдік және  отандық жарияланымдарға  қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, лицензиялау ережелерін, Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің, білім беру туралы заңдар; Университеттің ректоры бекіткен әдістемелік құжаттаманы; кітапхана лауазымын өз қызметінде кітапхана басшылыққа алады. Мультимедиялық залдың қызметкерлеріне ай сайын халықаралық Web of Science, SpringerLink базасы негізінде  семинарлар, тренингтер өтіп тұрады.

    Кітапхананың негізгі міндеттері, кітап қорына қол жеткізу негізінде ақпараттық сұраныстарын қалыптастыру, толық және жедел кітапханалық  ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету, студенттер, магистранттар, докторанттар, зерттеушілер, оқытушылар, техникалық қызметкерлер мен университет контингентінің басқа санаттары университеттің бейіміне, білім беру бағдарламалары мен оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктерін, анықтамалық-іздестіру аппаратын ұйымдастыру және басқару. Анықтама іздестіру аппаратында: каталогтар, картотекалар мен дерекқорлар бар. Кітапхананың материалдық-техникалық базасы 1000 шаршы метрді құрайды, оқу залы мен мультимедиялық залдар 250-ден астам адамға арналған.

Кітапхана қоры қазіргі таңда 500 мың данаға дейін өсті, электронды оқулықтар - 4 мың дана. Жыл сайын газет-журналдардың 90-астам түріне жазылады.

 Кітапхана қорына анықтамалық, оқу-әдістемелік, ғылыми және көркем әдебиеттер; оқытушылар еңбектері; мерзімді басылымдар; авторефераттар; мемлекеттік, орыс және шетел тілдеріндегі электрондық оқулықтар кіреді.

Кітапхана қоры заман талабына сай әдебиеттермен толықтыру, оқу процесіне қажетті өзекті ақпараттармен толықтыру сияқты көп жылғы еренді еңбегінің арқасында қазіргі таңда өңіріміздің заманауи талаптарына сай болып отыр.  

Кітапхананың  мультимедиялық бөлімі 30-дан астам компьютерлік құрал-жабдықтармен жабдықталған және компьютерліқ аудитория ғаламтор желісіне қосылған, РМЭБ ғылыми ресурсы және  Web of Science, SpringerLink  халықаралық ресурстарын пайдалануға рұқсат етілген. Оған жазылу Ұлттық ғылыми-техникалық орталығы арқылы жүзеге асады, қолданушылар басқа жоғарғы оқу орындарының  электронды ресурстарын пайдалана алады. C.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің кітапханасы  РГЦПИ «Құқық», Қазақ  ғылыми виртуальды кітапханасы www.KazakhstanVSL.org, Лань баспасы, ғылыми технкалық кітапханасы, ФГБОУ ВПО «М.Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті» электронды кітапханаларының ресурстарын пайдалану үшін келісімшартқа отырған.

Университет кітапханасы аймақтың жоғарғы оқу орындарының кітапханаларымен тығыз байланыста және Жоғарғы оқу орындарының кітапханалар қауымдастығының мүшесі.

Университет кітапхана қорын қазіргі заманғы әдебиеттермен, сондай-ақ, білім беру процесін тиісті ақпарат қорларымен толықтырылуға басшылық жасайды.
Осы жылдар ішінде, университет «Нұр – пресс», «Эверо», «Бастау», «Фолиант», жоғары оқу орындарының бірлестігі, «Қазақ университеті», «Академия», баспаларымен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

    Кітапхана жұмысына электрондық кітаптардың каталогы енгізілген автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйелік электронды каталог РФ - BC, электронды  жарияланымдар, мақалалар картотекасы пайдаланады. Студенттер мен оқытушылар үшін үлкен артықшылық әдебиеттерді каталог пен картотека бойынша іздестіру университеттің компьютерлік желілерінде орналасқан.

Book скан бағдарламасы бойынша осы бағдарламаға сәйкес оқу орнының профессор-оқытушылар құрамының жеке электрондық оқу құралдары жасақталған. 

Жыл сайын қітапхана қызметкерлерінің құрамы мен штаты қаралады. Кітапханада бейімделген және жоғары білікті мамандар қызмет етеді. Кітапхананы 30 жылдан астам еңбек өтілі бар жоғары білікті маман Магай Ирина Ильинична басқарады; реттеу және өңдеу бөлімшесін Лапатина Наталья Владимировна басқарса, ақпараттық- библиографиялық бөлімді Охапова Индира Елғондықызы, мультимедиялық залды Өтеғалиева Динара Гасеровна басқарады. Оқырмандарға сапалы қызмет көрсететін кітапханашылар Төлебаева Айдана, Югай Людмила Дикмановна, Тоғысова Жанель. Кітапхана қызметкерлері семинарлар мен конференцияларға қатысып өздерінің біліктіліктерін  арттырады. Соңғы 5 жылда 20 астам сертификат алынды, кітапхана қызметкерлері университеттің барлық ғылыми конференцияларына көптеген іс-шараларға қатысады және кітаптар көрмелерін ұйымдастырады.