АКТЮБИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ им.С.БАИШЕВА

МИССИЯ УНИВЕРСИТЕТА – подготовка высококвалифицированных, конкурентоспособных, социально-ответственных кадров для инновационного развития экономики Казахстана
20 причин для того, чтобы учиться в университете им. С. Баишева

Кітапхана туралы ереже

1 Жалпы ережелер

1.1.1Кітапхана туралы ереже – кітапхана мәртебесін, мақсатын және құрылымын, басқарудың негізгі қызметтері мен міндеттерін, өкілеттік, жауапкершілік және бөлімшелер қызметкерлерін  мадақтау түрлерін бекітетін нормативтік құжат.

1.1.2 Кітапхана туралы ереже ҚР Азаматтық кодексі;  ҚР Білім туралы Заңы; С. Бәйішев ат. Ақтөбе университеті Жарғысы;  С. Бәйішев ат. Ақтөбе университетінің ішкі тәртіп Ережелері; ҚР Еңбек кодексі; Қазақстан Республикасы  Білім беру және Ғылым Министрлігінің кітапхана ісі туралы құжаттар мен басқа да нормативтік актілер және қазіргі ережеге сәйкес әзірленді.

1.1.3 Кітапхана 25.06.1996 ж. президенттің № 115 бұйрығы негізінде құрылды.

1.1.4 Кітапхана өз қызметін Ғылыми кеңес  қаулыларымен, ректор мен проректорлардың бұйрықтары мен жарлықтарымен бекітілетін С. Бәйішев ат. Ақтөбе университетінің  білім беру туралы нормативтік құжаттары мен жылдық жоспарларына сәйкес жүзеге асыруда.

1.1.5 Кітапхананы заңды түрде бекітілген тәртіпте университет президенті кайта ұйымдастыра алады.

1.1.6 Кітапхана ҒЖжИ жөніндегі проректорға бағынады және барлық құрылымдық бөлімшелермен жұмыс істейді.

1.1.7 Кітапханаға жалпы жетекшілік ететін президент қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын кітапхана меңгерушісі.  Кітапхана меңгерушісі кітапхана қорының тиімді қолданылуы мен мүлігіне және оның үздіксіз қызмет етуіне толықтай жауап береді. Кітапхана меңгерушісі  болмаған кезде кітапхана қызметіне кітапхана меңгерушісі тағайындайтын кітапхана қыхзметкері жауапты болады.

1.1.8 Кітапхана өз қызметін жылдық жоспар негізінде  жүзеге асырады. Кітапхана құжаттарында кітапхана қызметінің негізгі бағыттары көрсетілген:

- Оқырмандарға қызмет көрсету;

- Библиографикалық және анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету;

- Қорды жинақтау және есептеу;

- Кітап қорын ұйымдастыру және сақтау,

- Анықтамалық аппарат құру;

- Басқару, қызметкерлермен жұмыс;

- Кітапханалық-ақпараттық үрдістерді автоматтандыру және механизациялау;

- Шаруашылық және экономикалық жұмыс.

1.1.9 Кітапхана туралы ереже кітапхана қызметкерлерінің қызметтік лауазымдық нұсқауларын әзірлеу үшін негіз болып табылады.

1.1.10 Кітапхана туралы ережені бекітуге әзірлеу, келісу, жіберу және оған өзгерістерді кітапхана меңгерушісі жүзеге асырады.

1.1.11Кітапхана туралы ереженің талаптары кітапхананың барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылады

 

1.2. Талаптар

1.2..1 Кітапхана құрылымы келесі бөлімшелерден тұрады: жинақтау және өңдеу бөлімі, анықтамалық-библиографиялық бөлім, абонемент, оқу және мультимедиялық залдар. Кітапхана қызметкерлерінің құрылымы а қосымшасында көрсетілген.

1.2.2 Негізігі қызметтері мен міндеттері:

1.2.2.1 Кітапхана міндеттері:

-  мемлекеттік және басқа тілдерде дәстүрлі қазіргі заманғы ақпарат иелерінде құжаттарды сақтау және қалыптастыру;

- кітапханалық қызмет сапасын және тиімділігін арттыру мақсатында кітапханалық маркетингті кітапхана жұмысының тәжірибесіне енгізу;

- білім алушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу, қазіргі заманғы технологиялар негізінде жұмысқа дағдыландыру;

- кітапхана қызметін кафедралармен, деканаттармен, ғылыми және қоғамдық ұйымдармен үйлестіру.

1.2.2.3 Бұл міндеттердің орындалуы келесі қызметтердің орындалуына негізделеді:

- кітапхана абонементтерде, оқу залдарында және басқа да кітап беру орындарында оқырмандарға қызмет көрсету;

- оқырмандарды негізгі кітапханалық қызметтермен қамтамасыз етеді, сонымен қатар президентпен бекітілген ағымдағы бағаларға сәйкес қосымша ақылы қызметтер ұсынады;

- бар әдебиет туралы, оның ішінде жаңа түсімдер туралы қолданушыларды оперативті ақпараттандыру мақсатында ақпараттық шаралар кешенін өткізеді;

- ғылыми және оқу қызметінің көмек ретінде электрондық каталог, библиографиялық картотека, көрсеткіштер, тізімдер құрады, ақпараттық және анықтамалық жұмыс атқарады;

- кітапханалық-библиографиялық білімдер негізінде білім алушылар үшін сабақтар жүргізеді;

- көрмелер, конференциялар, презентациялар арқылы мазмұны жағынан маңызды баспа шығармаларды насихаттаумен иайналысады;

- университет бағытына және қолданушылардың қажеттіліктеріне сәйкес қор жинақтауды жүзеге асырады;

- кітаппен қамтамасыз ету картотекасын жүргізеді;

- дәстүрлі және электрондық тасығыштарда кітапхананың анықтамалық-ізденушілік аппаратын құрайды;

- ұсынылған өкілеттіктер негізінде шаруашылық және экономикалық қызмет атқарады.

1.2.3 Құқықтар мен міндеттер

1.2.3.1 Кітапхана меңгерушісі және қызметкерлері құқылы:

Осы Ережеде көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес өз қызметінің мазмұны мен нақты формаларын анықтау;

Кітапхананың мүмкіндіктерін ескере отырып, көрсетілетін қызметтердің (басты, қосымша, ақылы, тегін) тізімін анықтау;

Құжаттық қор жинақтаудың көздерін анықтау;

Кітапхананы қолдану ережелерін анықтау;

Өз қызметінен бөлек заңға қарсы келмейтін басқа да қызметті, оның ішінде, кәсіпкерлік, егер кітапхананың негізгі қызметтеріне зиян келтірмесе және мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келсе жүзеге асырады;

Кәсіби қызмет үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге кітапхананың материалдық-техникалық базасын жаңартуға қаражат бөлу туралы университет президентіне өтініш беру;

Орнатылған тәртіпте кәсіби біліктілікті жоғарылату;

Кітапхана қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, жұмыстан кету және ауыстыру жөнінде ұсыныстарды орнатылған тәртіпте университет басшылығына ұсыну;

Орнатылған тәртіпте университет әкімшілігінің бұйрықтары мен жарлықтарына шағым беру.

1.2.3.2  Кітапхана меңгерушісі және қызметкерлері міндетті:

Ақпараттық қызметтер сапасын арттыруды қамтамасыз ететін жаңа технологиялар ендіру;

Кітапхана қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқаруды қамтамасыз ету;

Кітапхана ұжымында қажетті деңгейде моральдық-психологиялық климатты бекіту және қолдау;

Өз қызметінде Қазақстан Республикасының Заңын, қаулысын, университеттің ішкі тәртіп ережелерін және білім беру Министрлігінің нормативтік құжаттарын жетекшілікке алу;

1.2.4 Лауазымдық жауапкершілік

1.2.4.1 Кітапхана меңгерушісі және қызметкерлері жауапты:

- кітапхана қоры мен оған бекітілген мүлікке, өрт қауіпсіздігіне және  басқа да қорғанысқа кітапхананы күзет пен өрт дабылымен, ілмекті құрылғылармен, металлдық есіктермен және терезелік торлармен жақсы жабдықталған қондырғылармен қамтамасыз ету жағдайында;

- кафедралармен бірге сатып алынатын әдебиет пен оқу үрдісін кітаппен қамтамсыз етудің сапасы мен санына жауап береді; осы Ережеде анықталған қызметтің мақсаттарына сәйкес қор мен мүлікті тиімді қолдануға жауапты; құжаттардың уақтылы есебіә мен олардың анықтамалық-ізденушілік аппаратта, мәліметтер базасында, есеп-қисаптық құжаттарда, көрініс табуына жауапты; үздіксіз ұйымдастыру мен қолданушыларға жылдам қызмет көрсетуге жауап береді.

1.2.5 Материалдық-техникалық қамтамасыз ету

1.2.5.1 Кітапхананы ұстауға арналған шығындар жылдық кіріс пен шығындар сметасында өкілетті органдар қарастырады.

1.2.5.2 Кітапхана мүлігі (ғимарат, жабдық, техника, өзге материалдық құндылықтар), құжаттық қор, анықтамалық-ізденушілік аппарат, мәліметтер базасы, сонымен қатар ұйымдастырушылық, технологиялық, қаржылық құжаттардан тұрады.

1.2.5.3 Кітапхана орнатылған тәртіпте статистикалық есеп және есеп-қисапты жүргізеді.

1.2.6 Университеттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара жұмысы:

- кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету барысында кітапхана келесі бөлімшелермен өзара жұмыс жасайды: С. Бәйішев ат. АУ, деканаттар, кафедралар, АТО, ҒЗО,ОӘБ, есеп бөлімі, ӘШБ;

- кітапханадағы құжаттар айналымының жүйелілігі: кіріс құжаттар (жоспарлық, есептік, аналитикалық) президенттен, ректордан, есеп бөлімінен, ӘБ, деканаттардан келеді, ал шығыс құжаттар тиісті бөлімшелер мен қызметтерге жіберіледі.

1.2.7 Қызметкерлерді мадақтау

Өз қызметтері мен міндеттерін уақтылы және сапалы атқарғаны үшін кітапхана қызметкерлері кітапхана меңгерушісінің ұсынысымен президенттің, ректордың бұйрығы бойынша мадақталады.