С. Бәйішев атындағы
Ақтөбе университетi

“Біздің мақсатымыз - сапалы білім”
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде оқу үшін 20 себеп
  • Қазақстан Республикасы,
    Ақтөбе қаласы,
    Ағ.Жұбановтар к-сі, 302а
  • 8 (7132) 51-15-96
    Қабылдау комиссиясы

Тарих және оқиғалар

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті алғаш 1996 жылдың тамыз айында Қазақ мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе бөлімі болып қалыптасты. (лицензия №0000399). 1997 жылы Батыс Қазахстан экономика және қаржы институты болып қайта құрылды. 2001 жылдың маусымынан бастап академик С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті мәртебесіне ие болды С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті - Батыс Қазақстан аймағындағы ірі жеке жоғары оқу орындарының бірі.Қазіргі таңға дейін университет 40000 жуық экономика, педагогика, техника саласының мамандарын, сонымен қатар дизайнерлер мен аудармашыларды даярлап шығарды. Бүгінгі күні бакалавриат және магистратура бағдарламасы бойынша университеттің экономикалық және гуманитарлық-техникалық факультеттерінде үш жарым мыңға жуық студенттер және магистранттар оқып жатыр.

Университеттің жұмысы кампус принципі бойынша іске асырылады, яғни оның құрамында оқу-зертханалық корпус, жатақхана, кітапхана, оқу залы, мультимедиялық, компьютерлік және интернет–класстар, асхана, спорт кешені, теннистік корт және өндіріс ғимараттары бар.Университет осы жылдар ішінде жаңа үлгідегі проекторларымен, интерактивті тақталармен, компьютерлермен және лингафонды дәрісхана және зертханалармен жабдықталды.

Университет 2004 жылдан бастап Сапа Менеджмент Жүйесін (СМЖ) енгізе бастады. 2005 жылдың шілдесінде С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті Батыс Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орындарының бірі болып Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығының» Сапа Менеджменті Жүйесінің Сәйкестік Сертификатын иеленді.

2006 жылы университет Жаһанданудың алға басуы Халықаралық Даму бағдарламасының Алтын Сертификатымен марапатталды.

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті білім беру мекемелерімен, ғылыми институттармен, түрлі профилді және кәсіби қоғамдастық, соның ішінде халықаралық компаниялармен байланыс орната отырып, білім берудің әлемдік жүйесін дамытуда және қолдауда «ашық жүйе» принципін басшылыққа алады. Жан-жақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында университет алыс-жақын шет елдердің жоғары оқу орындарымен академиялық келісім шартқа (80-ге жуық келісім шарт) отырды, солардың ішінде. 

Қала 

Шетелдік серіктес-ЖОО атауы

РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ

Москва

Мәскеу мемлекеттік мәдениет және өнер университеті

Д.И. Менделеев атындағы РХТУ химия және тұрақты даму институты

 

 Ресей жаңа университеті

Уфа

М. Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық  университеті

Уфа РҒА ҒО Тарих, тіл және әдебиет институты. Башқұрстан Республикасы

Орынбор

Ресей мемлекеттік сауда-экономикалық университеті. ЕМШБРҒЗИ (Етті мал шаруашылығының бүкілресейлік ҒЗИ) МҒМ

Орынбор мемлекеттік аграрлық университеті ЖКББ ФМБББМ 

Нальчик

Кабардин-Балқар ғылыми орталығының қолданбалы математика және автоматизация ғылыми-зерттеу орталығы

Астрахань

Автономды коммерциялық емес білім беру ұйымы Әлемдік экономика және қаржы институты 

Тверь

Тверь мемлекеттік университеті

Самара

Жекешелендіру және кәсіпкерлік жоғары мектебі –Самара институты

Екатеринбург

Орал мемлекеттік архитектура-құрылыс академиясы

ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ

Үрімші

Синьцзян экономика және қаржы университеті

ГРУЗИЯ

Кутаиси

Кутаиси ұлттық оқу университеті

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Ташкент

Ташкент архитектура-құрылыс институты

К. Бекзада атындағы Ұлттық Көркемөнер және Дизайн институты

Мырза Ұлұқбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті

Нөкіс

Ажинияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институты

Бердах атындағы Қарақалпақстан мемлекеттік университеті

 

Үргеніш 

Әл-Хорезми атындағы Үргеніш мемлекеттік университеті

 

КОРЕЙ РЕСПУБЛИКАСЫ

Пусан

 Tongmyong университеті

                    

Аталған келісім-шарттар негізінде білім беру жүйесінде тәжірибе алмасу және ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде әртүрлі жоғары оқу орындарының ғалымдары дәрістер оқып, семинарлар өткізеді.

Оқу орнының оқытушылары мен студенттерінің Шыңжан университетінде білім алуына мүмкіндіктері бар. Жыл сайын университетіміздің студенттері және оқытушылары өздерінің пәндеріне сәйкес келетін мамандықтарында байланысты Шыңжаң университетінде тегін оқытылады. Бұл қарқынды дамушы елдердің бірін көріп, экономикасымен және мәдениетімен, тарихымен танысып, тағы бір әлемдік тілді үйренудің үлкен мүмкіндігі.

Академиялық алмасу бағдарламасы негізінде университетіміздің 20 астам студенттері мен оқытушылары Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарында білім алды.

Университетіміздің студенттері жыл сайын Республикалық шығармашылық байқауларға, ғылыми-зерттеу жұмыстарға және пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Атап айтсак, 2011 жылы «Туризм» мамандығының 2 курс студенті Жұмағалиқызы Фариза Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент қорының шәкіртақы иегері атанды.

Университетіміздің дарынды, шығармашыл студенттері әр жылдары әртүрлі байқаулар мен сайыстардың жеңімпаздары атанып жүр. Мысалы: «Үздік ғылыми-инновациялық жоба», «Красота спасет мир», «Жас дәурен», «Жастар және ғылым», «Профи» (Казахстан), «Халықаралық студенттер шығармашылығы фестивалі» (Ресей), «Халықаралық жас дизайнерлер фестивалі», «Шабыт» республикалық байқауы.

Сонымен қатар университет студенттері республикалық «Жасыл ел» бағдарламасы аясында облысымызда ұйымдастырылатын «Атамекен» жастар еңбек жасағында жұмыс жасап, бірнеше ноутбукпен, сандық фотоаппараттармен, бейне камералармен және жастар ісі жөніндегі комитет жеңіл автокөлікпен марапатталды.

Он жыл қатарынан «For Keciors of Higher Education Institutions of Kazakhstan» бағдарламасы аясында университетімізде 100-ге жуық әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары және балалар үйінің тәрбиеленушілері әртүрлі жеңілдіктермен тегін білім алуда.

Біздің университетіміздлің БІЛІМІ болашақтың СЕНІМДІЛІГІ Университет 2004 жылдан бастап Сапа Менеджмент Жүйесін (СМЖ) енгізе бастады. 2005 жылдың шілдесінде С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті Батыс Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орындарының бірі болып Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығының» Сапа Менеджменті Жүйесінің Сәйкестік Сертификатын иеленді.