Baıshev Ýnıversıtet

Баишев Университетіндегі «Қазіргі Қазақстан. Елбасының көшбасшылығының сабақтары» тақырыбындағы жалпыреспубликалық ашық сабақ

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қазақстанда «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» деп аталатын  жалпыреспубликалық ашық сабақ өткізілді. Баишев Университеті осы іс-шараны ұйымдастыра отырып, шараға Nur Otan партиясының өкілдерін, депутаттарды, облыс пен қаланың дамуына елеулі үлес қосқан қоғам қайраткерлерін шақырды. Қатысушылар білім алушыларға арналған ашық сабақ өткізді. Өткізілген дәрістің мақсаты –  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті   Н. Ә. Назарбаевтың мемлекеттің стратегиялық бастамалары мен бағдарламалары контексінде мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделін қалыптастырудағы рөлі туралы білім мен түсініктерді жастар санасында қалыптастыру. Дәріс қонақтары – Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты М. Қ. Әжібаев," Елбасы-ел тірегі " қоғамдық кеңесінің мүшесі Н. Е. Ноғаев, Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» Ақтөбе облыстық ұйымы директорының орынбасары Ж. Қабақбаев, жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы М. Ж. Кемешов, «Құқық және ЖББ пәндері» кафедрасының профессорлары А.А. Асаров және О.Н. Туребаев атты танымал азаматтар университет білім алушыларына ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны мен қызметі туралы көпке белгісіз мәліметтерді бөлісе отырып, Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы маңызды рөлі, сондай-ақ Тұңғыш Президенттің көшбасшы ретінде қалыптасуының еңбек және саяси өмірде маңызы туралы айтты. Шара соңында әр жас адамға жоғары патриоттық сананы қалыптастыруға қосқан үлесі үшін дәріскерлер университет ректоратына және ұйымдастырушыларға, "Құқық және жалпы білім беру пәндері" кафедрасына, "Бизнес және құқық" жоғары мектебіне алғыстарын білдірді.

01 02 05  07 08 09 11