Баишев Университет

Ақын рухы ұлықталды

Белгілі сөз зергері, ақын,жыршы 19 ғ аяғы мен 20 ғ басында өмір сүрген Кенже Ақтан  Керейұлының ескерткіші ұрпақтарының қолдауымен Ақтөбеде бой көтерді.2014 жылы Баишев университетінің ұйымдастыруымен өткізілген республикалық ғылыми практикалық конференцияның шешіміне сай ашылған ескерткіштің ашылу салтанатында сөз сөйлеген  Баишев университеті президенті Бекежан Ахан  келесі жылы ақынның 170 жылдығына байланысты шаралар университеттің"Рухани жаңғыру"орталығының жұмыс жоспарына   сай жоғары деңгейде жалғасын табатынын атап өтті.Салтанатты шараға Ақтан Керейұлының ұрпақтары Атырау,Маңғыстау өңірінен және қаламыздың белгілі азаматтары қатысты. Маңғыстаулық Сәрсенбай  жырау ақын термелерін орындады  Ақын рухына арнап ас беріліп,дұға бағышталды