Baıshev Ýnıversıtet

Университет Миссиясы – Қазақстан экономикасын инновациялық бағытта дамыту үшін жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары мамандарды даярлау

Ғылыми кеңес

   Ғылыми кеңес университеттің алқалық басқару органы болып табылады. Ғылыми Кеңес құрамына ЖОО-ның басшысы, басшының орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, профессор-оқытушылар құрамының өкілдері, ЖОО-ның студенттік және қоғамдық ұйымдары, бизнес-орта өкілдері және жұмыс берушілер кіруі мүмкін. Ғылыми Кеңестің Төрағасы (әрі қарай Төраға) ЖОО-ның басшысы болып саналады. Төраға төрағаның орынбасарын тағайындайды.

 Ғылыми Кеңес қызметтерінің мақсаттары:

  • - кәсіби оқу бағдарламаларын ойдағыдай жүзеге асыру мақсатында ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларға қажетті жағдайлар жасау;
  • - ЖОО-ның қаржылық қолдауын қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базасын нығайту;
  • - ЖОО-ның әрі қарай дамуына көмектесу.

 Ғылыми Кеңестің құзіреттеріне:

  • 1) ЖОО-ы құрылымдарын бекіту;
  • 2) ЖОО-ы Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
  • 3) ЖОО-ның оқу және ғылыми құрылымдық бөлімшелерін құру,  қайта ұйымдастыру және тарату (зертханалар, департаменттер, факультеттер және тағы басқалар);
  • 4) жоғары оқу орнының даму тұжырымдамасын анықтау;
  • 5) ЖОО-ның оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметтерін барлық негізгі мәселелерді ұйымдастырудың шешімдерін қабылдау;
  • 6) жыл сайынғы есептерді ректордың, проректорлардың, құрылымдық бөлімшелер басшыларының оқу, ғылыми - зерттеу, тәрбие, қаржылық, шаруашылық, ақпараттық және халықаралық қызмет түрлері мен әдістері туралы тыңдау және жүргізу;
  • 7) оқытудың барлық сатысы мен түрлерінің оқу жоспарларын бекітеді;
  • 8) оқулықтар мен оқу құралдары, оқу-әдістемелік құралдар, монографияларды  қарастыру және баспаға ұсыну;
  • 9) студенттерді ақылы бөлімнен білім беру грантына және экстернат нысанында оқытуға аудару туралы шешім қабылдау;
  • 10) ҚР Президенті бекітетін стипендия және атаулы стипендиялар туралы шешімдер қабылдайды;
  • 11) магистранттардың ғылыми жетекші - кеңесшілерін және докторанттардың диссертациялық зерттеу тақырыптарын бекіту;
  • 12) ЖОО-ның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды ұйымдастыру;
  • 13) бюджеттен тыс қаражаттарды пайдалану тәртібін, сондай-ақ ЖОО-ны ақылы білім беру қызметін көрсету мен шығарылатын өнімді жүзеге асыру жолымен алынатын табыстарды қайта инвестициялау бағытын анықтау;
  • 14) ғылыми және құрметті атақтарды, атаулы шәкіртақылар мен сыйақыларды тағайындау және бекіту;
  • 15) ЖОО-ы қызметкерлерін ұсыну,  үкіметтік марапаттар мен құрметті атақтарға шығармашылық ұжымдарын туралы мәселелерді қарау;
  • 16) доцент және профессор ғылыми атағын беруге ұсынады;
  • 17) үкіметтік наградалар мен құрметті атақтарға университет қызметкерлерін
  • ұсыну туралы мәселелерді қарастырады;
  • 18) ЖОО-ның алқалық шешімді талап ететін өзге де мәселелерін қарайды.