АКТЮБИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ им.С.БАИШЕВА

МИССИЯ УНИВЕРСИТЕТА – подготовка высококвалифицированных, конкурентоспособных, социально-ответственных кадров для инновационного развития экономики Казахстана
20 причин для того, чтобы учиться в университете им. С. Баишева

Ғылым және инновация бөлімі

Бөлім жетекшісі-Балгинова Куралай Максатовна

k.balginova@ausb.kz

С. Бәйішев ат. АУ ғылым және инновация бөлімі университетте өткізілетін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, сонымен қатар жоғары білікті кадрларды даярлауды үйлестіретін және жүзеге асыратын университтің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлім факультеттерді, ғылыми-зерттеу орталықтарын, ғылыми зертханаларды, Технопарк және т.б. қамтитын университеттің барлық ғылыми-зерттеу бөлімшелерін біріктіретін бірыңғай ғылыми құрылым болып табылады. Бөлім өз кезегінде Қазақстан Республикасы нормативтік актілерін, С. Бәйішев ат. АУ Жарғысын басшылыққа алады.

Бөлім  Университетті дамыту стратегиясы, С. Бәйішев ат. АУ Ғылыми кеңес шешімдері және Ғылыми-техникалық кеңес негізінде ғылыми және инновациялық қызметін анықтайды.

Бөлім қызметінің мақсаты С. Бәйішев ат АУ ғылыми және интеллектуалды әлеуетін неғұрлым толықтай қолдануына, инновациялық қызметті ұйымдастырудың, оқу сапасының және ҒЗТКЖ қорытындысының нәтижелігін арттыру үшін ғылыми-өндірістік, ғылыми-зерттеу қызметінің кешенді дамуына жәрдемдесу.