АКТЮБИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ им.С.БАИШЕВА

МИССИЯ УНИВЕРСИТЕТА – подготовка высококвалифицированных, конкурентоспособных, социально-ответственных кадров для инновационного развития экономики Казахстана
20 причин для того, чтобы учиться в университете им. С. Баишева

Ғылыми-техникалық кеңес

Жалпы ережелер

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің Ғылыми-техникалық кеңесі (әрі қарай ҒТК) университеттің ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметін жүзеге асыру және қалыптастыру саласындағы жоғарғы тұрақты әрекет ететін ұйымы болып табылады. Өз қызметінде ҒТК туралы ережені басшылық етеді.

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің Ғылыми-техникалық кеңесінің төрағасы ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректор болып табылады. ҒТК-нің ұйымдастыру жұмыстарымен ғылым және инновациялар бөлімі айналысады.

Негізгі мақсаттары мен міндеттері

Ғылыми-техникалық кеңестің негізгі мақсаты болып университеттің инновациялық қызметінің стратегиясы мен басым бағыты дамуының қалыптастыруы және жүзеге асыруы болып табылады.

Ғылыми-техникалық кеңестің негізгі міндеті болып аккредитациялау критерийлерінің көрсеткіштеріне сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқару;  университеттің ғылыми әлеуетін сақтауы және дамуы; университеттің бөлімшелерінің және университет бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық және инновация қызметін талдау және бағалау.

ҒТК жұмысын ұйымдастырудың негізгі принциптері және құрылымы

ҒТК құрамы ҒТК төрағасы, ҒТК төрағасының орынбасары, ҒТК ғылыми хатшысы, ҒТК мүшелерінен қалыптасады. Ғылыми-техникалық кеңеске мүшелік дербес бекітіледі. ҒТК құрамына проректорлар, факультет декандары, жетекші ғалымдар, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер және саланың жоғары білікті мамандары, сонымен қатар сәйкес ғылыми-педагогикалық қызметкерлер қоғамдық бірлестігінің өкілдері кіре алады. ҒТК дербес құрамы, ҒТК төрағасы және оның орынбасары, ҒТК ғылыми хатшысы, ҒТК мүшелері С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің ректорының бұйрығымен бекітіледі.

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің Ғылыми-техникалық кеңесі отырысы кемінде бір айда бір рет өткізіледі. С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің ҒТК жұмысын жыл сайын құрылатын және күнтізбелік жылы бекітілетін жоспарға сәйкес жұмыс атқарады. ҒТК жұмыс жоспарын жыл сайын университет ректоры бекітеді.