Баишев Университет

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 3 курс студенттері кәсіби тағылымдамадан өтіп біліктіліктерін арттырды

Баишев университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 301,302 топ студенттері 2019 жылдың 14 қазан мен 02 қараша айының аралығында  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (Ақтөбе қаласындағы мамандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығынан) тағылымдамадан өтті. Халыққа қызмет көрсету орталығында  арнайы жабдықталған оқу кабинеттерінде  мамандар студенттерге дәріс өткізді. Студенттер электрондық веб–порталы www.egov.kz арқылы құжаттармен танысып, кезек талондарын, ақпараттық анықтамаларды және дайын құжаттарды алуды үйренді.