С. Бәйішев атындағы
Ақтөбе университетi

“Біздің мақсатымыз - сапалы білім”
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде оқу үшін 20 себеп
  • Қазақстан Республикасы,
    Ақтөбе қаласы,
    Ағ.Жұбановтар к-сі, 302а
  • 8 (7132) 51-15-96
    Қабылдау комиссиясы

«Білім беру кеңістігін интернационалдау» халықаралық ҒЗЛ

«Білім беру кеңістігін интернационалдау» халықаралық ғылыми зерттеу лабораториясы 

Лаборатория жетекшісі -  Назия Жанпеисова

nazija040658@yandex.ru

2014 жылдың 2 қыркүйегіндегі  ректордың №99 Бұйрығымен «Білім беру кеңістігін интернационалдау» Халықаралық Ғылыми Зерттеу Лабораториясы құрылды. Бұл лаборатория РФ Қазан федералды университеті Елабуж институтының  халықаралық лабораториямен бірлескен жұмысы жөніндегі келісім  аясында құрылды. Штаттық кестеге сәйкес лаборатория құрамында лаборатория басқарушысы (ф.ғ.д., проф. Жаспеисова Н.М.) және ғылыми қызметкер (магистр Утепберген А.К.) тіркелген. Лаборатория басқарушысы-филология ғылымдарының докторы, профессор Жанпеисова Назия Маденқызы. Ғылыми қызметкер-филология магистрі Утепберген Ақмарал Құдайбергенқызы.

Халықаралық координатор-Халықаралық әдістемелік  кеңестің мәдениетаралық коммуникация және көптілділік сұрақтары бойынша ғылыми хатшысы, педагогика ғылымдарының докторы Кудрявцева Екатерина Львовна (ГФР, Грайфсвальд университеті).

Лаборатория жұмысының басты бағыттары:

1.С. Бәйішев ат. АУ оқу үрдісіне оқытудың интерактивтік модульдік технологиясын енгізу, оның республикада және шетелде танымал болуы мен алға жылжуы.

2. ҚР көптілділік/үштілділікті қолдау және полимәдениетті білім беру саласындағы инновациялық технологиялар аясында ғылыми практикаға бағытталған зерттеулер өткізу