С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетi

УНИВЕРСИТЕТ МИССИЯСЫ - Қазақстан экономикасының инновациялық дамуы үшін жоғары білікті, бәсекелестікке қабілетті, әлеуметтік-жауапты кадрлар даярлау

«Әлемдік тәжірибемен туған өлкеге» атты онлайн-дөңгелек үстел

2018 жылдың 4 мамырында университетте академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша республикалық және шетелдік жоғары оқу орындарында оқыған және оқып жатқан студенттердің қатысуымен «Әлемдік тәжірибемен туған өлкеге» атты онлайн-дөңгелек үстел өтті. Сондай-ақ, қонақтар келесі оқу жылында осы бағдарлама бойынша оқығысы келетін студенттер болды.

Іс-шараның модераторы - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының үздік студенттерінің бірі Жұмағазыев Нұрымжан.

Онлайн режимде қазіргі уақытта Оңтүстік Корея, Ресей және Қазақстан университеттерінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқып жатқан С.Бәйішев ат. АУ студенттерімен байланыс орнатылды.

Дөңгелек үстел студенттердің академиялық ұтқырлығын 4 акспекті бойынша талқылауға арналды:

- өмір сүру жолы: түрлі елдердегі тұрмыс жағдайлары қандай, студенттер мобильділік бағдарламалары бойынша барған елдерде қандай қиындықтарға тап болды;

- оқу: оқу үрдістері мен оқу стилі әлем елдерінде қалай ерекшеленеді;

- бейімделу: студенттерді қабылдаушы қоғамға қалай үйреністі;

- тәжірибе: студенттер болашақта қандай инновациялар мен жаңа идеяларды қолданады.

Дөңгелек үстелдің басты идеясы студенттерді шетелде немесе республиканың өзге өңірінде оқығаннан кейін туған өлкесіне қайтаруға ықпал ету, студенттерді басқа қалада қалу туралы немесе басқа университетте ұсынылғандығына қарамастан, олардың туған жеріне қайтарылуын жеңілдету болды.