Баишев Университет

«Ұлттық валюта мен Қаржыгерлер күні»

15 қараша күні Қазақстан «Ұлттық валюта мен Қаржыгерлер күнін» атап өтеді. Осы күн қарсаңында жоғары мектеп деңгейінде "Ұлттық валюта – мемлекет тәуелсіздігінің символы" атты дөңгелек үстел өтті, онда ұлттық валютаның құрылу тарихы және оны ақша айналымына енгізу, сондай-ақ әлемдік валюта нарығының мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстел барысында "Экономика және басқару" кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты Мүсіров Ғалым Мүсірұлы баяндама жасады.

Іс-шараға "Premium Сервис" ЖШС директорының қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары Бабанаева Дина Тасболатқызы, бизнес және құқық Жоғары мектебінің деканы Балғынова Құралай Мақсатқызы,  "Есеп және қаржы" кафедрасының меңгерушісі  Бухарбаев Шыныбек Мусаұлы  және  Жоғары мектептің «Экономика», «Қаржы», «Есеп және аудит», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарының студенттері қатысты.